» » Көріпкелдің тегін сеансына барған зейнеткер есінен танып қалды

Көріпкелдің тегін сеансына барған зейнеткер есінен танып қалды

Кезекте тұрған 66 жастағы ер адамды біреулер басып, таптап кеткен. Оралда көріпкел Анатолий Кашпировскийдің тегін сеансына кіремін деп келген зейнеткерлер кезекте сығылысып, зардап шекті, деп хабарлайдыTengrinews.kz"Надежда" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, кезекте тұрған екі адам зардап шеккен. Олардың бірі - 66 жастағы қария. Бір топ адамның ішінде тұрғанда, оны басқа біреулер басып, таптап кеткен. Салдарынан, ол ес-түсінен айырылып, жедел-жәрдем шақыртуға тура келген.
"14 қарашада сағат 13.57-де жедел-жәрдем станциясына хабар келді. Зардап шеккен кісі қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Тегін сеансқа кіремін деп кезекте тұрғанда оны барлығы басып кеткен. Қажетті медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, осыған дейін де Оралдың тағы бір тұрғыны осылай көріпкелдің тегін сеансына келіп, кезекте тұрамын деп зардап шеккен. Бірақ, ол жедел-жәрдемнің көмегінен бас тартыпты. 


19 қараша 2019 ж. 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 224
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031