» » Ардагерлер ауруханаға аппарат сыйлады

Ардагерлер ауруханаға аппарат сыйлады


Індет белең алған кезеңде ауруханамыздың дәрігерлеріне күш түскені рас. Бұрын соңды мұндай індетті емдеп көрмеген абзал жандарға үлкен сынақ болды.
Ауру жұқтырғандар саны күрт көбейген кезеңде арнайы құрылғылардың жетіспеушілігіде біраз кедергі келтірді. Міне, осындай кезеңде қарапайым халық қолынан келгенінің бәрін жасады. Сондай игі істің бірі кеше орын алды.
Қармақшы ауданы ардагерлері аудандық ауруханаға "БОБРОВА" тыныстандыру аппаратының үш данасын сыйлады.
Қаршыға Есдәулетов бастаған аудан ардақтылары аппаратты ауруханаға келіп, арнайы табыстады.
Ардагерлер абзал жандарға әрдайым көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров, аурухана бас дәрігері Б.Нысанбаев қиын кезеңде көмек қолын созған барша жанға алғысын айтып, жұмыс барысында мұндай жақсылықтар жігер сыйлайтынын ауызға тиек етті.
Расымен, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Әлемді жайлаған пандемия кезінде осы бірлік пен ұйымшылдық сыналды.
Індетке төтеп беру үшін барлығы қолдан келгенін жасады, қолдау көрсетті, жәрдемдесті.Аудан жастары оттегі баллондарын тасып, елеулі азаматтар аппарат сыйлады.Есесіне бүгінде жазылған науқастар саны артып, отбасымен аман-есен қауышуда.
25 тамыз 2020 ж. 1 016 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930