АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Еселі еңбегімен өңір экономикасының дамуына үлесін қосып, ел алғысын алған мерейгерді аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы қабылдады,
Аудан әкімі мерейгер қаршыға Есдәулетұлының өнегелі өмір жолы мен туған халқының әлеуетінің өркендеуіне қосқан орасан үлесіне ерекше тоқталып, оның ел мүддесі үшін атқарған игі ісіне алғысын айтты. Бүгінде білікті сала майталманы Қаршыға Есдәулетұлының еселі еңбегімен аудан орталығының дәулетіне сәулет қосып келе жатқан құрылыс нысандары жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде аудан халқының бірлігін сақтаудағы еңбегіне ризалығын білдірді. Ел алдындағы елеулі еңбегі үшін облыс әкімінің алғыс хатын тапсырып, ауданның Құрмет грамотасымен марапаттап, иығына шапан жауып, қөрсетті. Мұндай құрметті оның зайыбы Күләш Доспанбетоваға да жасады.
Мерекелік шарада Жосалы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсұт Өтегенов, аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, туысқандары Бердібек Жәмитов пен Мария Доспанбетовалар мерейгерге жылы лебіздерін білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.
Қабылдауда мерейгер Қаршыға Есдәулетов осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғаусыз алғысын айтса, одан әрі аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының ән мен жырына ұласты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».