» » ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТІ

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТІ

Еңбек майданында өзінің еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп, құрмет төрінен орын алып жүрген ардақты жандар аз емес. Елінің өсіп-өркендеуіне саналы ғұмырын арнап, бүгінде ел-жұртының абыройына бөленген атпал азаматтың бірі – 30 жылдан астам уақыттан бері бір қызметте, яғни 1986 жылдан бастап Төрткүл ауылдық Кеңес атқару комитетінің төрағасы, ал 1994-2017 жылдар аралығында Жаңажол ауылдық округінің әкімі қызметін мінсіз атқарған Бақытбек Тәуекеловты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанаты өтті.
Дүр Оңғар ауылындағы мәдениет үйінде тұрғындардың қатысуымен өткен салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов мерейгердің өнегелі өмір жолына тоқталып, берекесі мен бірлігі жарасқан өңір әлеуеті мен тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы сала майталманының қосқан үлесі үшін алғысын атты. Сонымен бірге, мерейгерге облыс әкімінің алғыс хатын, ауданның Құрмет граматасын тапсырып, ата-баба дәстүрімен иығына шапан жапты.
Сөз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы Бақытбек Әбдіқадырұлына өзінің жылы лебізін білдірсе, «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Орынбасар Төлепов отыз жылдан астам уақыт бойы ауыл әлеуетін арттыруға қосқан мерейтой иесінің еселі еңбегіне ризашылығын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Шара барысында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Достық Тілеубергенов арнауын оқыса, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңғар Бекмырзаев, еңбек ардагері Тұрақ Омаров лебізін білдірді.
Мерекелік шарада аудан көркемөнерпаздары көрермендерді әсем әнмен тербетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
«Қармақшы таңы».
05 шілде 2018 ж. 3 989 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 251

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930