» » Індеттің беті қайтып келеді

Індеттің беті қайтып келеді


Жайлаған індет қоғамның қос өкпесін қысып барады. Бұрыннан-ақ бас ауырып, балтыр сыздаса дәрігерге жүгінетін жұрт қазіргідей уақытта ақ халаттылардың көмегіне тіпті зәру. Науқастарды емдеу үшін өз басын қатерге тігіп, антына адал болған дәрігерлердің ерлігі көпке үлгі. Сондай жандардың бірі бүгінгі біздің мақаламызға арқау болған кейіпкер.
Қасқырбек Ермаханов – Тәуелсіздіктің құрдасы. Қуаңдария ауылында дүние есігін ашқан ол жастайынан-ақ дәрігер болуды арман етті. Солай арман қуып қалаған саласы бойынша 2008 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетіне оқуға түсіп, 2015 жылы қарашаңырақты терапевт мамандығы бойынша тәмамдайды. Одан соң ауданға келіп ауруханада бір жыл терапевт болып қызмет атқарады. Мұнымен Қасқырбек бір орында тоқтап қалмайды. 2016 жыл болғанда Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетіне анестезиология реаниматология мамандығы бойынша резидентураға түсіп, былтыр бітіріп шығады. Бүгінде ол аудандық ауруханада анестезиология реанимацияның бөлім меңгерушісі. Қазіргідей уақытта біздің дәрігермен сұқбатымыз онлайн өрбіді. Көк экранның ар жағынан емен-жарқын байланысқан ол пандемиядағы күресте қандай қиындықтарды бастан кешкенін баяндап берді.
– Індетпен күресте қиындықтар көп болды. Алдымен, бұрын соңды мұндай аурумен бетпе бет келмегендіктен тәжірибеміз аз еді. Күн санап өршіп, ауыр жағдайда бөлімшеге жеткен науқастарды көріп тағы жанымыз ауырды. Олардың қиналғанын, өлім мен өмір арасындағы күресін көру біз үшін қиынға тиді. ИВЛ аппараты, оттегі баллондары жетіспеген кездер болды. Ондайда дем жетпей қиналған науқастарға қолымыздан келген бар көмекті аямадық. Әрине, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Аудан жұртшылығы, арда азаматтар, аға буын мен ерікті жастардың қолдауы, демеуінің арқасында індетпен күресті күшейте білдік. Қазір толық індетті жеңген жоқпыз. Әлі де жансақтау бөлімінде жатқан науқастар бар. Бірақ алдыңғы айға қарағанда індеттің беті қайтып келеді. Десе де, олай деп, арқаны кеңге жаюға болмайды. Біз әлі де күресудеміз. Қасық қанымыз қалғанша күресуге дайынбыз. Егер біз әлсіз болсақ, науқастар да салын суға кетірер еді ғой. Сол үшін мықты болуға тырыстық. Олардың індеттен айығуына барлық ем-домды жасадық. Онымен қоса психологиялық қолдау көрсетіп, өмір үшін күресуге мотивация бердік. Біздің басты міндетіміз де осы. Дәрігерлерің де жақсы күндерге сенімі мол, – дейді Қасқырбек Арыстанұлы.
Ол күніне 10 сағатын науқастармен өткізеді. Демалыстағы кезекшілігі тағы бар. Оның өз өмірін қатерге тіге отырып, өзгенің өмірін сақтап қалу кезіндегі ерлікпен бірдей ерен еңбегі көпке үлгі.
Айнұр ӘЛИ
04 тамыз 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031