» » ГҮЛСАНА – ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ

ГҮЛСАНА – ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ


Бүгінде туған жерден жырақта еңбек етіп жүрсе де өздерінің өнегелі істерімен үлкен жетістіктерге қол жеткізген жерлестеріміз жетерлік.
Солардың бірі – Қуаңдария ауылының тумасы, бүгінде Тараз мемлекетік педагогикалық институтында аға оқытушы болып шәкірт тәрбиелеп жүрген Гүлсана Залқызы Шәймерденова.
Гүлсана 1999-2004 жылдары Тараз М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінде «биология және химия» мамандығы бойынша білім алып шыққан соң, 2009-2011 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Биология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, «педагог-магист» академиялық дәрежесін қорғады. Ал, 2013-2016 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011300-Биология» мамандығы бойынша білім алып, биология ғылымдарының докторы, доцент Болат Есімовтың жетекшілігімен «Болашақ биолог мұғалімдер даярлауда веруалды зертханалық жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесі» тақырыбында (РhD) докторлық дессертациясын қорғады.
2018 жылдың 13-шілдесінде арнайы комитеттің №1124 бұйрығымен Гүлсана Шәймерденова «6D011300 -Биология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының (РhD) докторы ғылыми атағына ие болды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
10 тамыз 2018 ж. 1 839 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 730
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31