» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕН 136 БАЛЛ ЖИНАДЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДЕН 136 БАЛЛ ЖИНАДЫ

Жосалы кенті орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің 11 «г» сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері Дәурен Отарбай Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан 136 балл жинап, облыс бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Ол 2012 жылы аудандық жыл оқушысы байқауында «Үздік оқушы» аталымымен марапатталған. 2013 жылы аудандық пәндік олимпиадада ІІІ, облыстық пәндік олимпиадада І орын иегері атанса, осы жылы биология пәнінен республикалық қашықтықтан оқыту интернет олимпиадасында үздік үштіктен көрінді. Үстіміздегі жылы республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасында 25 пайыздық серти­­фикатпен мадақталса, биыл­ғы оқу жылында мектеп-лицейді үздік бітіргені және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін облыс әкімінің құттықтау хатына ие болды.
Дәурен ағымдағы жылы Мәскеу қаласындағы Ұлттық Тех­нологиялық зерттеу универ­ситетінің грантын жеңіп алған санаулы шәкірттің бірі. Әйтсе де, ол Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде техник-физик мамандығы бойынша білім алуды мақсат етіп отыр.
26 маусым 2018 ж. 2 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930