» » » СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Бүгінгі жас ақындар жыры оқырман сезімінің пернесін дөп басып, өлең әлеміне қанат қағуда. Олардың әрқайсысы өзіне тән қолтаңбасымен танылып, қалыптасып келеді. Бірде «фейсбук» әлеуметтік желісінде жігер мен әсемдіктің телағысындай қатар өрілген жырға көзім түсті. Экран бетін бірінен соң бірін парақтадым. Ақынның қай өлеңі болмасын айналадағы өзекті мәселелер мен қатар қазақ қызының жан сырына, терең сезіміне үңіледі. Иә, лирикалық өлеңдері сырға толы жас ақын – Ғалымжан Мыңжасаров еді.
Ғалымжанмен байланысудың сәті де түсті. Орайы келіп біраз сырластық. Ақынның өлең жазып қана қоймай, әнін шығарып, оны өзі орындайтын қырын байқадым. Өзі ақын, өзі әнші, әрі композитор дерсіз. Отбасының кенжесі, дарынды жан Ақтөбе ауылында 1986 жылы мамыражай мамырдың 5-де дүние есігін ашыпты. 1993 жылы осы ауылдағы №109 орта мектепке алғаш қадам басып, 2004 жылы білім ұясынан түлеп ұшады. Және осы жылы Тараз мемлекеттік университетіне Актёр өнері және музыка сабағы саласына оқуға түседі. Алайда, арманы асқақ өнер иесі жанұялық жағдайына байланысты оқуын тәмамдай алмайды. Бірақ, содан кейін Қызылорда қаласында Болашақ университетіне мұнай және ғаз мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім алады. Бүгінде ол Атырау қаласында «Тенгизшевройл» месторождениесінде материал талдаушы қызметін атқарады.
Өлеңге ақын бала күнінен-ақ құмартқан. Әнші болу оның балдырған шақтағы арманы. Ол мектеп қабырғасында жүргенде кез-келген шараға, аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 4-сынып оқушысының сынып жетекшісі Анар Әбдірәсілова «Балапан» байқауына қатысуына сеп болады. Ұстазының сеніміне селкеу түсірмеген ол І орынды жеңіп алады. Міне, осы сәттен бастап құмары әнге ауып, гитара тартып шырқай бастайды. Бүгінде ол әншіліктен гөрі сазгерліктің жанынына жақын екенін жасырмады.
Кеш батып, ұйықтар сәт туғанда ойыма өлең жолдары келеді. Соны тез арада қағаз бетіне түсірмесем жаным жай таппайды. Кейде шаршағанда, мұңайғанда ақ парақ, қара қаламмен достасамын. Әр адамның жаны қалар сүйікті ісі болады. Ал, менің арманым сол сүйікті ісіммен айналысу. Алға қойған мақсатым айқын. Арманым көп. Болашақта жыр жинағымды шығарып, оны кеңінен насихаттағым келеді. Дегенмен, барлығы Алланың қолында. Бәрі өз орнымен болатынына сенімім мол, дейді Ғалымжан Сардарбекұлы.
Бүгінде оның 200-ден аса өлеңі мен 30-дан аса әндері жарыққа шыққан. Алдағы уақытта да сері жігіттің өнер белесін бағындырарына сеніміміз мол.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».





04 тамыз 2018 ж. 2 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930