» » » 9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін 87 жыл толды.
Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар екен. Алайда құжаттар бойынша ақынның туған күні 9 ақпанда тойланады.
Мұқағали 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай» ауданындағы «Советтік шекара» газетінде жарияланған.
Мұқағали – өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Ол 1976 жылы 27 наурызда өмірден озды.
09 ақпан 2018 ж. 3 360 1

JeaCold от 5 наурыз 2019 02:59
Levitra Compra Italia Dapoxetina Depressione cheap cialis Clomid Et Utrogestan

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930