» » ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖІГІТТЕР!

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖІГІТТЕР!

Ақтөбе ауылының ұл-қыздары қай кезде де өнер мен білімнен кенде емес. Бұл сөзімізді дарынды өрендер жеңістері арқылы тағы да дәлелдеді.
Осыдан бірер күн бұрын Алматы қаласындағы «Қазақстан Жазушылар одағының» концерт залында Х республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауы өткен-ді. Осы байқауға қатысуға аттанған №109 мектептің оқушылары олжалы оралды.
«Көркемсөз оқу» жанры бойынша білікті қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тұрсынай Берікбаева дайындаған озат оқушы Нұрислам Әбжаппаров, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша ән-әуез пәнінің мұғалімі Нұрбейбіт Әбдіраманов үкілеген Олжас Мәлікайдаров пен Ерболат Алмабай І орынды қанжығаларына байлап, ауылдың, ауданның абыройын асқақтатып қайтты.
Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған жеңімпаздарды аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен ата-аналары, ұстаздары күтіп алып, құттықтауларын жеткізді.
–Бұған дейін де бірнеше оқушымыз облыстық, республикалық байқаулардан бәйге алып келеді. Бірер ай бұрын республикалық «Фариза оқуларынан» Нұржауһар Өмірсерікова жеңімпаз атанды. Үмітімізді ақтап, намысты қолдан бермейтін осындай үлгілі шәкірттерімізбен мақтанамыз. Нұрлан Іздібаев, Әбдіхамит Аралбаев сынды кәсіпкер азаматтар қолдау білдіріп, демеушілік жасағанда оқушыларымыз қалай қанаттанбасқа, – дейді шығармашылық еңбегінің жемісін көрген ұстаз Тұрсынай Аманкелдіқызы.
Иә, әрбір талантты ұстаз талапты шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнерге баулыса нұр үстіне нұр болар еді.
Жеңістерің құтты болсын, жүлделі жігіттер!
Г.ДҮЗЕНОВА.
02 ақпан 2018 ж. 2 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 134

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930