» » » ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР


«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола маМектеп қабырғасын­да жүргенде осылай әндетуші едік қой. Ән мен күйді сүймейтін адам бар ма екен?! Бар десе, ешкім сенбес, сірә. Бізде музыканы жаны сүйетін балаларға арналған мамандандырылған әуез мектебі бар. Дегенмен, оған көңілі қалаған кез келген бала қабылдана бермейді. Мамандандырылған мектеп арнайы емтихан мен есту, есте сақтау қабілеті және ритмін тексеру арқылы 2-3-сынып оқушыларынан бастап қабылдайды. Зейіні бар балаға өнер өзі қонады дейді. Дей тұрғанмен адамның бойына табиғат Берген асыл қасиетті дамыту үлкен еңбекті қажет етеді. Өмірдің көгінен, өнердің төрінен көрініп, еліміздің жарқын жұлдыздары атанып жүрген әрбір таланттың шыңдалуына осындай өнер мектептері жолашады. Негізі 1972 жылы қаланған балалар әуез мектебі кент орталығында орналасқан. 1993 жылы мектепке 125 жылдық мерейтойына байланысты Сыр сүлейі Тұрымбет жырау Салқынбайұлының есімі берілді. Атақты жыраудың атындағы мектеп­ті өнер жанашыры Талғат Қуаңбаев басқарып, мұнда тек талантты ұстаздардан талапты шәкірттер білім алуда.
Әркім дарынын кеңейтіп, өзін тәрбиелеу үшін жалықпай ізденіп, талмай еңбек ету керек. Өнердің де сан саласын білуге құштарлық дарындыларға тән қасиет болса керек. Ал, көздеген мақсатқа жету екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ел іші – өнер кеніші дегендей, өнерлі де талантты жастарға жол сілтеп, үміттерін үкілеп, қанаттарын қатайтып отырған әуез мектебінің мұғалімдерінің әрқайсысы жеке оқу жоспары бойынша 1 оқушымен 45 минут көлемінде сабақ өтеді.
6 сынып бойынша (домбыра, баян, фортепиано, жыр-терме, домра-прима, саксафон) барлығы 350 оқушы 41 мұға­лімнен арнаулы аспаптарда білім алады.
Оқу жылының басынан мектеп қажетті аспаптар мен құрал жабдықтармен түгел қамтылған. Төретам кентінде, ІІІ Интернационал ауылында бөлімшелері жұмыс жасаса, Ақжар, Қармақшы, Жаңажол ауылдарында жыр-терме сыныптары бар.
Балалар әуез мектебінің мұ­ға­лімдері жылына екі рет сек­ция жұмыстарын өткізіп, мұ­ға­лімдер өздерінің зерттеп жүр­ген тақырыптарына әдіс­темелік баян­дамалар жасайды.
Аудандық «Жас музыканттар» байқауы жылма-жыл өтеді.Бұл байқаудан озып шыққан оқу­шылар облыстық байқауға жолдама алады.
Әуез мектебінің жалпы бі­лім беретін мектептерден айыр­машылығы бар. Олар тоқ­сан сайын техникалық сынақтар мен академиялық концерттер өткізеді, оқушылар емтихан тапсырады. Бұл емтиханды арнайы құрылған комиссия қа­был­дайды. Оқушылардың жеке жоспары жар­ты жылдыққа бөлініп жасалады және бұл негізгі құжат болып есептеліп жыл басында бекітіліп беріледі. Бүгінгі таңда мектептен 860 оқушы әртүрлі мамандық бойынша бітіріп, куәлік алып шыққан. Жалпы білім беретін мектепте білім нәтижесі пәндік олимпиадалар арқылы сараланса, әуез мектебі оқушыларының білімі жыл сайын өткізілетін «Жас музыканттар» байқауында көрінеді. Бұл тұрғыда әуез мек­тебінің оқушылары мен ұстаздары көрсеткіші жоғары деңгейде.
2016 жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген кент, ауыл округтері өнерпазда­рының «Елім менің» атты өнер фестивалінде үздік өнер көр­сет­кен осы мектептің оқу­шы­лары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Ал, 2017 жылдың қорытындысымен «Білікті өнер ордасы» атты ата­лымға ие болды.
2017 жылы мектеп оқушылары арасынан құрылған А.Ысқақова жетекшілік ететін хор ұжымы облыстық жас музыканттардың ХХХХХ Республикалық фес­ти­­валь-конкурсында ІІІ орынды иеленді. Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұр­пағың» атты фольклорлық ансамбльдердің облыстық бай­қауына қатысқаны үшін «Жыр күмбезі» фольклорлық ансамблі алғыс хатпен марапатталды.
Мұғалімдердің 90% осымектепте оқып шығып, жоғары, арнаулы оқу орындарын бітіріп келген мамандар. Мектепте тұ­рақты түрде ұлт-аспаптар ор­кестрі, орыстың халық аспаптар ансамблі, оқушылар оркестрі жә­не балалар хор ұжымы жұмыс жасап, аудандық облыстық ша­ра­лардың деңгейін көтеруге ат­са­лысуда.
Халықаралық, республика­лық, облыстық байқаулардың бір­неше дүркін жүлдегерлері мен же­ңімпаздары да осы әуез мек­тебінің тәрбиленушілері.
Бүгінге дейін мектептің бас­­­ты мәселесі ғимарат болатын. Осыған байланысты аудан әкімі №183 мектеп ғимаратын жа­ңа мектепке көшкеннен кейін то­лық жөндеуден өткізіп, әуез мек­тебіне беретін болды. Жөн­деу жұмыстарына құжаттары жа­салып, аудан бюджетінен қар­жы бөлінді. Шығармашылық ұжым­ның алдағы уақытта жөндеуден өткен, жайлы, жылы ғимаратқа көшіп, дарынды ұл-қыздардың қатарын көбейте береріне сенім мол.
Асыл сөздің ұстасы ақын, өнер, білім, еңбекке жақын, он саусағы майысқан шебер, тұла бойы толған бір өнер болар ұлттың ұрпағымыз. Ұлттық болмысымызды айшықтар аспап­тарымыздың құлағында ойнай­тын осындай мектептерден бі­лім алған өнер қырандарының қа­нат­тары талмасын. Өнерлі өрен­­деріміздің өрісін кеңейтетін та­ғылымды шаралар мен шы­ғар­машылық жұмыстар жалғасын таба берсін.

Г.ӘМІРҚЫЗЫ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031