» » ЖАҢА БАҒДАР - МАҢЫЗДЫ БАСЫЛЫМ

ЖАҢА БАҒДАР - МАҢЫЗДЫ БАСЫЛЫМ

Семей қаласының Төтенше Жағдай басқармасының Дағдарыс орталығында  гарнизонның жеке құрамы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Жеке құрам алдында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі басшысының орынбасары Айдар Самаев сөз сөйледі. - Елбасымыздың Жолдауының негізгі басымдылығы мемлекеттің өркендеуінде стратегиялық құжат,-деп атап айтты Айдар Самаев,-осы Жолдауында  Президент бірінші кезекте еліміздің жетістіктерін атап отыр. Жолдауда экономикалық және әлеуметтік салалар аясында  негізгі он басым бағыт айқындалған. Жетінші міндетте адами капитал – жаңғыру негізі екені көрсетілген. Айдар Самаев Президент бірінші кезекте әлеуметтік көмек саласында, бірқатар жаңа реформалар енгізгеніне тоқталып, «Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау кезінде, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек екенін сөз етті.  - Ал осы негізгі 10 міндеттерге қол жеткізу үшін барлық бағдарламалық құжаттар бар,-деді ол сөзін жалғай келе,-олар «Қазақстан-2050» стратегиясы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстанның үшінші ижаңғыруы», «Индустрияландыру бағдарламасы», «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарлама, «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Кездесу соңында Семей қаласының ТЖБ бастығы Қанат Әбділов 2018 жылғы Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтынын жаңаша бағыт-бағдар екендігін атап айтты.
Раушан Нұғманбекова


25 қаңтар 2018 ж. 1 352 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 10:29
Cialis Super Active Comprar Barato Ou Acheter Du Kamagra En France canadian cialis Kamagra Oral Jelly France

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930