» » Қанат Ислам WBA чемпионымен кездесуге мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

Қанат Ислам WBA чемпионымен кездесуге мүмкіндік беретін жекпе-жектен бас тартты

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) осы салмақта WBA белбеуінің чемпионының міндетті қарсыласы болуы үшін өтуі керек болған америкалық боксшы Джон Верамен 18-0, 11 КО) кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz
Дереккөздің айтуынша, Қанат Исламның командасына барлық сұраған қаржыны беруге дайын болған екен. Бірақ қазақстандық боксшы сонда да бұл ұсынысты қабылдамапты. Дегенмен де Қанат Исламның нақты не себептен жекпе-жектен бас тартқаны туралы ештеңе айтылмады.

Қазір Вераның командасы Қанат Ислам рейтингінде бірінші тұрған WBA шешімін күтіп отыр екен.
Еске салайық, 21 қараша күні ұйым екі боксшының командасына жекпе-жекті ұйымдастыруға бір ай уақыт берген болатын. Қай жеңгені осы салмақтағы суперчемпионы Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) міндетті қарсыласы атанатыны туралы да айтылған.

Ал бұған дейін Вераның командасы Қанат Исламның командасымен келіссөз басталғаны туралы хабарлаған еді. Өз кезегінде қазақстандық боксшы да жуық арада екі кездесу өткізетінін айтты. Оның бірі жуық арада АҚШ-та өтсе, екіншісі мамыр айында Астана қаласында өтетінін хабарлады.
05 қаңтар 2018 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930