Құрылтай
» » БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ

БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ

Ел бірлігін сақтаған Елбасымыздың көп ұлтты мемлекетті бір ту астына жиып, ынтымағын жарастырып отырғанын мақтанышпен айтуымыз керек. Қазіргі жаһандану заманында қоғамымыз, яғни білім саласы жаңартылған жүйеге бағыт алуда. Осының нәтижесінде республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар, өзге ұлт өкілдеріне арналған әртүрлі ғылыми жобалар, мәнерлеп оқу сынды сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Қазақ тілін жетік меңгеріп, қазақ жерін жатсынбайтын перзенттер – нағыз мақтаныштарымыз. Жақында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІІ Республикалық қашықтықтан өткізілген олимпиадаға №250 мектеп–лицейінің оқушысы Борис Хамов қатысқан еді. Өз білімінің нәтижесінде жүлделі екінші орынды иеленді.
Шәкірттерге сапалы білім беру мен ғылым жолына шыңдауда мектептің қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі, Бористің жетекшісі Жанар Дастанқызының да еңбегі өте зор.
«Білімдіге дүние жарық» демекші, оқушыларға білім нәрін себетін ұстаздар мен дүниені жарық етер ұрпақтарымыз барда, болашағымыз жарқын боларына сеніміміз мол.
Ақерке КЕНЕБАЕВА,
№250 мектеп-лицей мұғалімі
23 қаңтар 2018 ж. 3 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031