» » » Астанада «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаях­метов атындағы тілдерді дамытудың респуб­ли­калық үйлестіру-әдіс­темелік орталығының ұйым­дастыруымен «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға жиналған зия­лы қауым өкілдері мен тіл жа­на­шырларына аталмыш бас­қо­судың мән-ма­ңызы жайлы түсіндірген комитет төр­а­ғасы Қуат Бораш, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төр­тінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­­дауының жетінші бағы­тында атап өтілгендей, адами ка­пи­талдың өзектілігі және со­нымен қатар терминология тұр­ғысынан қазақ тілін халық­аралық деңгейге жақындату мәселесін жү­зеге асыру үрдісі негі­зінде ке­зекті жиын өткізіліп отыр­­ғанын жеткізді. Осы орай­­да «кеңесіп пішкен тон кел­­те болмас» дегендей, ор­тақ пікір, орамды ойларға жол ашып, көп­­­шілікпен келелі кеңес құ­ру­д­ың қа­жет­тілігіне тоқталды. 
Дөңгелек үстелдің не­гізгі баяндамашысы Ш.Шаяхметов атындағы тіл­дерді дамытудың рес­пуб­ли­калық үйлестіру-әдісте­мелік орталығының басшы­сы Ербол Тілешовтің пікірі­нен түйгеніміз, мемлекет­тік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдар­ламасына сәйкес, қазіргі таңда қоғамға қажет оқу-әдістемелік және танымдық кітаптар шы­ға­ру мәселесі сәтті жүріп жатыр екен. 
Яғни бұған дейін жоға­ры­дағы бағдарламаға үміт­кер ретінде орталыққа әр­түрлі тақырыптарды қам­тыған 400-ге тарта шы­ғарма келіп түскен. Осы туын­дыларды филолог-ғалым Жантас Жақыпов баста­ған сарап­тамалық топ қарап шығып, сұрып­та­лып алынған 70 кітапқа бә­туасын Берген. Мақұлдан­ған шығармалар негізінен сөздіктер, балалар әдебиеті, тіл үйрену құ­ралдары, та­нымдық туынды­лар және аударма көркем әде­биеттер. 
Жоғарыдағы жиын барысында жаңадан жарық көрген 36 кітаптың таныс­тырылымы болды. Осы­лар­дың ішіндегі бас­ты құн­дылық ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың тұлға­лық энциклопедиясы мен әдебиетші ғалым Ас­қар Егеубаевтың ау­­дар­­­ма­­сымен жарық көр­ген Мах­­мұд Қашқари­дың үш томдығының екінші ба­сы­лымы. Сонымен бірге әр­түрлі са­лалық сөздіктер, араб-парсы лексикасы, қыр­ғыз жазушысы Шың­ғыс Айтматовтың бұған дейін қа­зақ тіліне аударылмаған «Тау құлаған» атты туындысы, Алаш қайраткері Телжан Шо­нановтың бес томдығы, бала­ларға арнал­ған «Алаш қозға­лысы» атты танымдық оқулық пен Алаш идеясын қол­даған ақындардың жыр жи­на­ғы, белгілі түрколог Қ.Сарт­­қ­о­жаұлының «Тас кітаптың құпиясы» атты туын­дысы, тілші ғалым Ә.Жү­ніс­бектің қазақ тілі­нің арти­ку­ляциялық база­сы толық талданған «Төл әліпби – төл жазу мәсе­ле­лері» атты еңбе­гі бар.
Екінші бір қуанарлық жағ­дай, жарық көрген кітаптардың элек­тронды нұсқасы жинақ­тал­ған СD нұсқасы қоса ұсынылып отырса, алдағы күндері ұлт­тық арнадан әр жұма сайын тіл да­мытуға ар­нал­­ған «Енші» атты жаңа жо­ба көрерменге жол тарт­­­пақ. Жоба қазақтың ұмыт болған салт-дәстүр­лері, ұлттық ойындар, тұр­мыс­тық мәдениетін дәріп­теу­мен қатар тіл білімі, мәде­ниет, таным, дәстүрі­мізді на­си­хаттауға арнал­ған дейді шараны ұйым­дас­тыру­шы­лар. Сонымен қатар 15 се­риялы «Сөз қазасы» атты ани­ма­циялық фильм де кешікпей «Балапан» арнасы арқылы көрерменге ұсынылмақ. 
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

22 қаңтар 2018 ж. 1 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031