» » » БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

 
“Оқу-білімсіз өнер де жоқ... өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек”
Ғабит Мүсірепов.
Қазіргі заманымыздың музыка- пе­догогика саласындағы үлкен проб­ле­малық мәселелердің бірі жақсы кәсіби маман, шебер орын­дау­­шылар дайындау болып есеп­те­лінеді.
Егеменді еліміздің берік қадамы өнер саласында да үлкен өзгерістер енгізуде. Бүгінгі жастарға, өскелең ұрпаққа саяси, мәдени тұрғыда бі­лім-тәрбие берудің сапасын кө­теру мақсаты көзделіп отыр.
Мектепте ән сабағымен қатар оқушылардың музыкалық қабілетін қа­лып­тастыруды жан- жақты жетілдіру үшін ауданымызда вокальдық дәрістер жүргізетін үйір­­мелер қатары жоқтың қасы. Жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде, олар­дың рухани сезімін қалыптастыруда эстра­далық ән айту өнерінің алатын орны өте жоғары. Вокаль курсын оқытудың негізгі та­лаптары музыка мәдениетінің негізінде оқу­шы­ларды ән өнерін сүюге, вокальдық топ ұжым­дарымен жұмыс әдіс-тәсілдерін сапалы түр­де меңгеруге көмектеседі.
Ауданымызда эстрадалық ән салу өнеріне деген қызығушылық өте жоғары. Соның ішін­де жасөспірімдер өте көп. Талабы мен таланты бар, бірақ вокальдық ережелер дауыстарына қойыл­маған. Өнер саласында жүрген ау­да­нымыздың майталмандары жетерлік. Бірақ үйірмелердің ішінде осы вокаль, яғни эстра­да­лық ән салу жанры бойынша дәрістер бері­летін үйірме жоқ. “Сыр елі- жыр елі” осы күнге дейін қаншама өнер саңлақтарын дүниеге әкеліп, оларды жарыққа шығарды. Оларға еліктей отырып мен де өз мамандығымды таңдаған болатынмын. Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік педогогикалық уни­вер­си­тетінің “Музыка білім және мәдениет” факуль­те­тін тамамдағаныма да бес жыл толыпты. Ол жақта тағылымы мол, атақты ұстаздардан дәріс алдым. Оқуды сәтті аяқтап, “Дипломмен- ауылға” бағдарламасымен туған жерімде еңбек ету мақсатында еңбек жолымды №21 “Тоғ­жан” балабақшасынан бастадым. Бұл қа­ра­шаңырақ маған көп нәрсені үйретті. 2-5 жас арасындағы бүлдіршіндермен жұмыс жасау барысында мен балаға кәсіби тәрбие берудің қаншалықты маңызды, қаншалықты жауапкершілікті жұмыс екенін ұғындым. Көрсеткен өнеріне ата-анасы ризашылығын біл­діргенде бір марқайып қалады екенсің. Бала­бақшамыздың қабырғасында тәрбие­леніп, түлеп ұшқан көптеген бүлдіршіндер қазір аудан са­хынасында өнер көрсетіп жүр. Солардың бірі биыл өткен “Бозторғай” балалар байқауының қа­тысушысы Қарабдин Қайсар, кеше ғана білім бөлімі және “Тоғжан” бала­бақ­шасының ұйым­дастыруымен 1 маусым- Ха­лықаралық балаларды қорғау күніне орай ор­та­лық алаңда өткізілген мерекелік іс-шарада өнер көрсеткен Әбдіжаппар Аружан, “Сыр шамшырағы” атты бүлдіршіндер байқауында 1-орын иеленген Жаназар Кәусар, көрермен көза­йымы атанған Экзембай Ырсалды секілді бүл­діршіндеріміздің өнері қазіргі таңда шың­да­лып келе жатыр. Болашағынан зор үміт күт­тіретін бұл бүлдіршіндеріміз биіктен көрі­не­ті­ні­не сеніміміз мол.
Мінекей, осы секілді өз өнерлерін шыңдай алмай жүрген бүлдіршіндеріміз бен жас­­өс­пірімдеріміз қаншама. Олардың өз қы­зығу­шылықтарын қанағаттандыру мен бос уақыт­тарын тиімді пайдалану мақсатында, ау­дандық Мәдениет үйінің жанынан “Эстрадалық ән салу” үйірмесін ашқалы отырмыз. Та­ны­мал әнші болу міндетті емес. Балғын бала­лары­мыз­дың ой- санасы тек интернеттік ойындар мен әлеуметтік желілермен уланбауын, бос уақыт­тарын тиімді пайдаланып, музыка әлемі­мен бірге рухани дем­алуын қамтамасыз етсек дейміз.
Бүгінгі заманымыздың талабына сай эс­тра­далық және ұлттық өнерді меңгеріп, оны жас ұрпақтың рухани игілігіне айналдыру біз­дің міндетіміз.
Айкерім Қаппарқызы,
№21 “Тоғжан” ясли-бақшасының әуез жетекшісі.
05 қаңтар 2018 ж. 1 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031