ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ МАРАПАТТАЛДЫ
Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы. Оларға қандай жылы сөз айтсақ та, қандай сый-сияпат көрсетсек те артық етпейді. Ақ жаулық әжелерге халық алдында айдай болып жарқырап жүргені бүгінгі күннің басты келбетін айқындайды.
Шаңырақтың шежіресін шертіп, ағайын-туманың татулығын сақтауға септігін тигізетін, әулеттегі абысын-ажындардың ақылшысы болып, жас келіндерді тәрбиелейтін, немере-шөберелерін алдына алып алып, ауыз әдебиетінің ертегі-жырларын айтар асыл әжелер бүгінде ауданымыздың «Әжелер ансамбльінде» белсенді мүше болып, өздерінің өнерін халыққа паш етуде.
Осыған орай, аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңындааудан әкімі Сұлтан Мақашовтың қатысуымен «Әжелер ансамблін» марапаттау рәсімі өткізілді. Мерекелік іс-шара да, аудандық әуез мектебінің мұғалімі, Гүлжазира Құрақбаеваның орындауында терме тыңдалды. Кеш аудандық әуез мектебінің мұғалімі Бағдагүл Мәденованың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әлқисса» күйімен аяқталды. Кеш соңында ансамбль жетекшісі Үрліхан Қожахметова өзінің жылы лебізін білдірді. Ансамбль бүгінгі күнге дейін Облыстық «Қарттардың өнерге бар таласы» атты байқауда бас жүлдені жеңп алып, Астанаға жолдама алған. Ансамбль құрамы «Рухани жаңғыру» елбасының бастамасына сәйкес ол бізден кейінгі жастарға үлгі-өнеге деп ойлаймыз деп, кейінгі жастарға ақ батасын берді.
Айжан КАНАЛБЕКҚЫЗЫ.