» » » Бір қолымен бесік тербеткен...

Бір қолымен бесік тербеткен...


ЖОСАЛЫ, 26 маусым – qarmaqshy-tany.kz  28 маусым  журналистер күні.


Төремаханова Әлия Әлжанқызы 1982 жылдың 14 ақпанында Жосалы кентінде дүниеге келген. Мектеп бітірген 1999 жылы Қызылорда қаласындағы Сейхун академиясына оқуға түсіп, 2003 жылы «Қаржыгер» мамандығын меңгеріп шығады. 2003 жылы «Қармақшы таңы» газетіне әріп теруші болып қабылданып, дизайнер, кейін тілшілік қызмет атқарды. Жемісті еңбег үшін аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.



Көкеева Құралай Алтайқызы 1988 жылы 29 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде Үсеновтер отбасында дүниеге келген. 1995 жылы ең алғаш Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектепке 1 сыныпқа қабылданған. 2004 жылы 9 жылдық білімді жақсы деген бағамен аяқтап, Қызылорда гуманитарлық заң колледжіне «бухгалтер-экономист, есеп және аудит» бөліміне оқуға түскен. Ол жақтан 3 жылдық білім алып, Қызылорда гуманитарлық Университетіне осы мамандық бойынша жоғарғы оку орнына түскен.
2007 жылдың қазан айынан бастап Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетіне әріп теруші, одан іс-жүргізуші, 2012 жыл бас есепші қызметін атқарды. 2014 жылдың 5 қаңтарынан бастап облыстық газеттердің бірігуіне байланысты «Сыр медиа» ЖШС қарасты «Қармақшы таңы» газетінің бас маманы қызметіне ауыстырылып, әлі күнге дейін осы қызметті атқарып келеді.
Аудан әкімдігінен, аудандық «Нұр Отан» партиясынан, аудан бөлімдерінен, облыстық «Нұр Отан» партиясынан, облыстық бөлімдерден мақтау қағаздарымен алғыс хаттар алды.

Ақнұр Ердүйсенқызы Сағынтай 1994 жылы 17 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Шиелі ауданындағы №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейді 2011 жылы бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолы 2015 жылы Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газетінде тілшіліктен басталған. 2016 жылы аталған газетте жауапты хатшы болып еңбек етті. 2017 жылдан бері Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінде тілші болып қызмет атқарады. 2015, 2016 жылдары Шиелі ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

26 маусым 2020 ж. 1 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930