» » Аудандық газетке бас редактор тағайындалды

Аудандық газетке бас редактор тағайындалды

ЖОСАЛЫ, 16 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Аудандық «Қармақшы таңы» қоғамдық-саяси газетіне Сәрсенкүл Жаудатбекқызы Райымбаева бас редактор болып тағайындалды.
Ол Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде 1970 жылдың 13 мамырында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары кенттегі Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте білім алған. Мектеп бітірген соң жастардың комсомол бригадасын құрып, Жосалы механикалық зауытында құрылысшы болып еңбек жолын бастаған. 1990-1992 жылдары Жезқазған қаласында хатшы-стенографист мамандығы бойынша білім алып, сондағы облыстық кәсіподақтар комитетінде хатшы-референт қызметін атқарды.
1992 жылы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1997 жылы бітірді. 1999-2003 жылдары Жосалы кентіндегі №12 кәсіптік мектепте пән мұғалімі болып ұстаздық етті. Осы кезеңде оның жетекшілігімен шәкірті Ұлболсын Төтебаевамен "Қазақстан – 2030" стратегиясы: Кеше, бүгін, ертең" тақырыбында өткізілген республикалық жазба ақындар мүшәйрасында бас жүлде иеленіп, Премьер-министрдің қабылдауында болды. Ұстаздық еткен жылдарда облыстық "Сыр мектебі" салалық басылымына өлеңдері мен мақалалары жарияланып тұрды.
2005 жылы аудандық "Қармақшы таңы" газетіне әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасты. 2011 жылдан бастап қазірге дейін аудандық газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактордың міндетін уақытша атқарушы болып қызмет етті.

16 қаңтар 2020 ж. 3 330 1

Raymundo от 29 мамыр 2025 15:00
Terrific tips, Thanks. casino en ligne fiable Wow a good deal of terrific advice! meilleur casino en ligne You've made your stand extremely well.! casino en ligne francais You actually revealed that really well! casino en ligne You actually expressed it well. casino en ligne France You expressed it wonderfully! casino en ligne You actually explained this terrifically. casino en ligne Seriously lots of fantastic knowledge. casino en ligne fiable You said it very well.! casino en ligne fiable You actually revealed that well! casino en ligne France

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30