» » ӘБІЛАХАТ ЖАНӘДІЛОВ КӨШЕСІ

ӘБІЛАХАТ ЖАНӘДІЛОВ КӨШЕСІ


1992 жылдың 12-шілдесінде сол кезеңде аудан әкімі қызметін атқарған Жақай Бодықбаевтың ауданға қарасты барлық елді мекен, оның ішінде Жосалы кентіндегі көшелер мен мекемелер атауын заман талабына сай өзгерту мақсатындағы №192 шешімімен бұған дейін Кеңес Одағының мемлекет қайраткері А.Жданов атымен аталып келген көше ақын, КСРО Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Сыр сүлейлерінің мұрасын жинақтаушы этнограф Әбілахат Жанәділов атындағы көше болып өзгертілді.
Әбілахат Жанәділов 1926 жылы Қармақшы ауданы, Түпбөгет ауылы, қазіргі Алдашбай ахун ауылдық округінде діни ғұлама Алдашбай ахунның шәкірті Жанәділ имамның отбасында дүниеге келген.
Балалық және жігіттік шағын өткен ғасырдың жиырмасыншы және қырқыншы жылдары елімізде жүргізілген сталиндік солақай саясаттың, ашаршылық, еріксіз ұжымдастыру, қуғын-сүргін сияқты дүрбелең оқиғаларына толы жылдармен байланыстырған Әбілахат Жанәділов елімізде Ұлы Отан соғысы өткен кезеңнің алғашқы жылдарында «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұраны аясында  барша қазақ халқымен бірге тылда еңбек етті. Содан соң, яғни 1944-1946 жылдары Отан қорғауға шақырылып, азаматтық борышын өтеді. Ресейдің Челябинск қаласы маңында орналасқан резервтік полк командирінің көмекшісі болып қызмет етті.
Алайда, 1946 жылы науқастығына байланысты әскери қызметтен босатылып, елге оралған соң, өзі туып-өскен ауылда есепші, іс жүргізуші қызметтерін атқарды. Сол жылдары Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеде арнаулы білімін жетілдіріп, ауылдағы мектепте ұстаздық қызмет етсе, 1952-1956 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Орыс тілі және әдебиеті пәні  мұғалімі» мамандығы  бойынша жоғары білім алып, Алдашбай ахун ауылындағы ұстаздық қызметін жалғастырады.
1956-1957 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, ал 1957-1961 жылдар аралығында  К.Ворошилов атындағы мектептің директоры, 1961 жылы аудандық атқару комитетінде бөлім меңгеруші, 1962 жылы аудандық радио торабының бастығы қызметтерін істеді. 1963-1965 жыл аралығында аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасады.
Ал, 1965 жылдан өмірінің соңына дейін, яғни 1975 жылдың наурыз айы аралығында  облыстық «Ленин жолы» газетінің Қармақшы, Жалағаш аудандары бойынша меншікті тілшісі, сондай-ақ, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша штаттан тыс тілшісі болып қызмет етті.
Ақын Әбілахат Жанәділовтың балаларға арналған 2 өлең кітапшасы мен «Үміт» және «Аспаным» атты жыр жинағы жарық көрді.
Ел алдындағы елеулі еңбегі үшін көптеген мемлекеттік наградаға ие болды.
27 қараша 2018 ж. 1 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031