» » ДӘМЕГҮЛ МЫРЗАҒАЛИЕВА КӨШЕСІ

ДӘМЕГҮЛ МЫРЗАҒАЛИЕВА КӨШЕСІ

1992 жылы аудан әкімі Жақай Бодықбаев­тың аудан орталығы мен барлық елді мекен­дегі көше және мекеме атауын заман талабына сай өзгерту мақсатында сол жылдың 5-науры­зын­дағы шешімімен Калинин көшесі Дәмегүл Мырзағалиева болып өзгертілді.

Дәмегүл Мырзағалиева көшесі Жосалы кентінің батыс бөлігінде орналасқан. Басы Сырдария өзені мен Қараөзектің қосылған жерінен басталып, аяғы көне сүт-май зауытына дейін созылған.

Дәмегүл Мырзағалиева 1912 жылы Орынбор қала­сында туып, 1933 жылы Қармақшыда өмірден озған. Ол қазіргі №26 орта мектепті тәмамдаған соң, 1926-1930 жылдары аралығында Қармақшы ауданында Сақыпжамал Кәленова және басқа да құрбыларымен алғашқы жастар ұйымын ұйымдастырушы ретінде бел­сенді жұмыс істеген.

Дәмегүл Мырзағалиева өңірімізде әйел бостандығы мен теңдігі, сонымен бірге өңір қыздарының жан-жақты білім алып, ер-азаматтар сияқты қоғамнан өз орнын табуға атсалысуға, ел экономикасын нығайтуға аянбай жұмыс істеген.
Сонымен бірге, елде ұжымдастыру, жастарды білім алуға тарту сияқты қоғамдық жұмыстардың басында жүріп, көптеген аудан қыз-келіншектеріне демеу көрсеткен. Бірақ, аудан жастарының көшбасшысы, жалынды жас Дәмегүл Мырзағалиева 1933 жылы 21 жасында өмірден өтті.

Бүгінде Жосалы кентінде Қорқыт ата мен Аманкелді көшелері аралығында, яғни «Сұлтан» сау­да орталығының алдында орнатылған Дәмегүл Мырзағалиева атындағы саябақта өңір жастарының көшбасшысына құрмет ретінде ескерткіш-монумент қойылған.
Ескерткіш-монумент Қармақшы ауданының жергі­лікті тарихи маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген.

26 қараша 2018 ж. 1 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 754

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031