» » ТӨРЕБАЙ БИ КӨШЕСІ

ТӨРЕБАЙ БИ КӨШЕСІ

1994 жылдың 30-қарашасында аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың аудан орталығындағы және елді мекендердегі көше және әлеуметтік нысандар атауларын заман талабына сай өзгерту мақсатындағы №278 шешімімен Жеңіс тұйығы ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында өзінің әділ ісімен елге билік жүргізген, киелі Қармақшы топырағының тумасы Төребай би көшесі болып өзгертілді.
Басы Қабылан батыр көшесінен бастау алып, аяғы «Мәңгілік ел» монументіне дейін созылған көше бүгінде аудан орталығындағы көрікті көшелердің біріне айналған.
Төребай би Пішанұлы 1848 жылы Қорқыт ата елді мекенінде туып, 1911 жылы сол өңірде өмірден өткен. Оның мәңгілікке тапқан мекені Қорқыт ата стансасы жанына ағып жатқан Сырдария өзені жағалауында орналасқан.
Төребайдың үшінші атасы Күнтуар батыр да би болыпты. Ол өзі өмір сүрген заманда Ырғыз өзенінің бойын жайлап, мыңғырған мал өсірген екен.
Міне, осы Ерназар баласы Күнтуардан Мұрат, одан Пішан мен Ағытай, ал Пішаннан Төребай би туған.
Ел-жұрты Төребайды 18 жасында «Жамансыр» болыстығына болыс етіп сайлайды. Жас та болса би атанған Төребай Пішанұлы халқына әділ билік жүргізеді. Ол өмір сүрген кезең қазақ халқына орыс патшалығының билік жүргізген тұспен қатарлас келді. 1904 жылы Қорқыт стансасы салынып жатқанда ол Орынбор уезінің генерал-губернаторына Қорқыттың әулие болғаны туралы хат жазып, салынып жатқан бекетке Қорқыт есімін беруді ұсынады. Бұл ұсыныс – губернатор тарапынан қанағаттандырылып, содан бері Қорқыт стансасы болып аталып келеді.
Төребай бидің патшалық Ресей губернаторымен келісімімен Орынбор жерінде өтетін жәрмеңкеде Сыр бойы халқы да жыл сайын сауда жасап тұрады. Қазақтардың бұл ісін жақтырмаған орыс билігі оларға жүруге тыйым салады. Орыстардың бұл шешіміне налыс білдірген қазақ саудагерлері Төребай биге келіп, губернатордан орыс жері арқылы сауда жасауға рұқсат алып беруді сұрайды. Содан Орынбор қаласы губернаторына келген Төребай би губернатордан қазақ саудагерлерінің орыс елінде өтетін жәрмеңкеге қатысуға және ел ішінде жүруге рұсқат алып береді
Міне, даңқы Қазалы, Ақмешіт, Орынбор, Ақтөбе жұртшылығына жайылған Төребай бидің халқына жасаған игі істерін ел жадын
12 қыркүйек 2018 ж. 2 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031