» » » Жолбарысты Төребай би

Жолбарысты Төребай би

Сыр өңірінде аузы дуалы кісілер көп болған. Ел-жұрт оларды би деп атаған. Билердің әділдігінің арқасында ауызбіршілікпен өмір кешкені мәлім. Сондықтан халық ауызында «Тура биде туған жоқ» деген сөз содан қалған болса керек.
Міне, сондай әділ бидің бірі –елі атын айдарлап қойған Пішанның Төребайы.
ХІХ ғасырдың орта тұсында Сыр бойында өмір сүрген Төребай би жайлы бүгінгі ұрпақ біле ме? Өз заманында әділдіктің таразысы бола білген Төребай биді біз қазіргі таным тұрғысынан қаншалықты ұлықтай алдық? Міне, биыл бабамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Осы сипаттағы сұрақтар қоғамдық сананы толғантпай қоймасы анық.
Төребай би Пішанұлы 1848 жылы Қорқыт ата елді мекенінде туып, 1911 жылы сол өңірде өмірден өткен. Ол саналы өмірін халқының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, отырықшылдыққа, егін егуге, қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуына арнаған.
Төребай би өмір сүрген кезең қазақ халқының орыс патшалығының заңымен жүрген кезеңімен қатар келді. Ресей қызметінде бола отырып, қазақ халқының тұтастығын, ел мен жердің бөлшектенбеуіне, ру арасындағы достық қарым-қатынасты орнатып, елін сақтаған қайраткердің алысты болжай білгенін оның ел ауызында әлі айтылып жүрген игі ісінен білеміз.
1904 жылы қазіргі Қорқыт ата мемориалды кешені маңында теміржол өткелі салынып жатқанда ол Орынбор уезінің генерал-губернаторына Қорқыт атаның үлкен әулие екенін дәлелдеп хат жазып, осы бекетке Қорқыттың атын беруді ұсынады. Бұл ұсыныс – губернатор тарапынан қанағаттанып содан бері Қорқыт стансасы болып аталып келеді. Бірде Құлыс кете Жұбанбай деген кісі бір топ серігімен Ақмешіттен ауылға қайтып келе жатып, Қалжан ахундікіне қонады. Олармен бірге он жеті жасқа толған Төребай да бар екен. Қонақтар жайғасып болған соң Қалжан ахун Кете-Шөмекейге күйеу екінін білдіргісі келгендей Жұбанбайға қарап:
–Жұмеке, Сырдың төменгі жағы Кете-Шөмекей ұрпағы қоныс тепкен ел ғой. Бұл елдің шаруасы көктемде шөлде қой қоздатады. Қойдың уызын қолдарын жумай – ақ сауып, пісіріп іше береді. Бұл мәкіру ме, әлде арам ба? – дейді. Қалжанның бұл сөзіне Жұбанбай жауап берейін деп оқтала бергенде төменде отырған Төребай:
–Жұмеке, рұхсат етсеңіз, Қалжекеңнің сұрағына мен жауап берейін, – дейді. Сонда інісінің оңды жауап беретінін білген Жұбанбай үнсіз басын изеп, айта бер дегендей ишарат білдіреді. Сонда Төребай:
–Қалжеке, ол айтқаныңыз жөн. Кете-Шөмекей шөлде қой қоздатады. Судың жоқтығынан қолды жумай өз қойының уызын мәйекке құйып, пісіріп ішеді. Бірақ, ол маңдай тері, ақ адал малы, ұрлық емес. Сондықтан ол мәкіру де, арам да болмайды. Ал, кісі ақысын жеп жүргендерді не демекпіз?
Табын жігіттері мал ұрлап, ағайынға қиянатты көп істейді екен. Сол елдің молдасы болып, мешіт ұстап отырған Қалжан ахун халықты адалдыққа тәрбиелейтін пірадар болғандықтан Төребайдың қаратып айтқан сөзі оған қатты соққы болды.
Төребайдың үшінші атасы Күнтуар батыр да би кісі болыпты. Ырғыз өзенінің бойын жайлап, мыңғырған мал өсірген екен. Бірде ол қасына топ адам ертіп, Ырғыз бойындағы тоғайды аралап келе жатса, зыңылдаған үнді естиді. Ол шыққан ызыңға жақындап тың тындайды. Сонда оның көргені бір тайқазан өзінен өзі айналып, зырылдап тұр екен. Бұған таңғалған жолаушылар қазанды қолымен ұстап тоқтатайын десе әлі келмейді. Сонда топ ішінде көпті көрген бір қария:
–Ойпырмай, Күнтуаржан, ертеде бір түйенің еті сыйып кететін астаналық қазан бар деп естуші едім, бірақ ол ырыс дарып, бақ қонатын адамның алдынан ғана жолығады деуші еді. Мынау сол қазан ғой. Мұны ешкім күшпен тоқтата алмайды. Араларыңнан бір батыр табылса, онда сол батыр саусағынан қан шығарып, оны қазанның жиегіне жұқтырсын, сонда ол өздігінен тоқтайды. Егер тоқтамаса сол қан жұқтырған адамға да, оның әулететіне де кәдік болады, – дейді..
Мұны естіген небір мен батырмын деген батыл жігіттердің өзі тоқтап қалады. Сонда Күнтуар беліндегі қылышын қынабынан суырып алып, шынтағын тіліп жібереді де «Біссімілла» деп қазанның жиегіне қанын жұқтырады. Зырылдап айналып тұрған қазан кілт тоқтап қалады.
–Ие, Ақсарбас, Күнтуаржан, ауылдан бір өре ақ киіз бен ақ түйе алдыр. Мына қазанды ауылға апарып құдажолы берейік, – дейді қария.
Сол кезде бұлардың ізімен Күнтуардың ауылы жазғы жайлауға көшіп келеді екен. Көшті тоқтатып, қазанды ақ киізге орап, ақ түйеге артып ауылға әкеледі. Сөйтіп бір боз биені сойғызып, етін қазанға астырып, елге құдайжолы береді.
–Күнтуар, қазаның ортаймасын, бақ- дәулетің жеті ұрпағыңа дейін шайқалмасын, – деп қариялар батасын беріпті.
Міне, осы Ерназар баласы Күнтуардан Мұрат, одан Пішан мен Ағытай, ал Пішаннан Төребай би туған.
Бірде Арқаның алпауыты Шобдар Самыраттың үйінде үлкен жиын болып, жыр жырлауға Дүр Оңғар да шақырылады. Отырыс алдында Төребай би Дүр Оңғарды өзіне шақырып, ешкімнен ештеңе сұрама, өзім риза қыламын дейді. Бұған Оңғар келісіп, өлең-жырды ағын судай ағызып отырады. Жыраудың отты сөзі, бойды шымырлатып, әсерлі теңеуі жұртты ұйытып делебесін қоздырады.
Жыр тыңдап отырған Ағытай би көзіне келіп қалған жасын сүрту үшін орамалын алуға қолын қалтасына сала беріпті. Ағытай Төребайдың әкесі Пішанмен бірге туысқан екен. Ол да кезінде Кете-Шөмекейге билік айтқан кісі болған.
Міне, Ағытайдың осы қимылына көзі түсіп кеткен Оңғар жырау жырлап отырған термесін жалғастырып:
Көргенді билер қозғалып,Қолын салды жамбасқа.
Ағаның берген сарқытын,
Амалың бар ма алмасқа.
Тербеліп теңіз құйғанда,
Бір шұңқыр неге толмасқа.
Төрекем отыр шытынап,
Деп еді, жұртқа жарма спа?
Дәметпесе үлкеннен,
Ұятқа інің қалмаспа.
Ортаңда жүрген тел қозың,
Маңыраған жем сұрап.
Жайсаңдарым марқасқа, – деген екен. Сол кезде Ағытай би қалтасынан 25 сомдықты суырып алып, жыраудың алдына тастапты. Мұнан кейін басқа би, болыстар да жырауға өздерінің сый-сияпаттарын көрсетуге мәжбүр болады.
Мәжілістен кейін Төребай би Дүр Оңғарға риза болып, арқасынан қағып тұрып:
–Ақыры айтқанды істемедің-ау, тентегім – депті.
–Көп деген көл, біз соның шоршыған шабағын ілетін шағаласы емеспіз бе, Төке-ау, – деп жауап қайырыпты даңғайыр жырау.
Төребай би мен Оңғар жырау өле-өлгенше аға-іні болып сыйласып өткен.. Қайраткер адамдардың сыйластығы да, достығы да үлкен болады ғой.
1900 жылы Төребай бидің баласы Ысқақ 18 жасында қайтыс болады. Қартайғанда жалғыз ұлынан айырылу Төребай биге ауыр соққы болады. Ол басын көтермей бірнеше ай бойы жатып алады. Сөйтіп жүргенде бұл жайт Базарға да хабар жетіп, ол Төребай биге көңіл айтуға келеді.
Сабыр қыл інім Төребай,Билігің барда дауға сай,
Ерлігің барда жауға сай,
Басыңнан бұлт аспайтын,
Абылайдың тауындай,
Нар көтерер жүк болды,
Бұлтқа кіріп тұрғандай.
Төбеден ауып күн мен ай,
Ысқақ мырза аттанды,
Дәл 18 жасындай... – деп көңілқосын тасқындата келген шайыр Төребай биге де, ата-бабаларына да халық атынан лайықты бағасын беріп, жұбатады.
Халық Төребайды 18 жасында «Жамансыр» болыстығына болыс етіп сайлайды. «Көргені жақсы көш бастар» дегендей, 18 жасар Төребай би халқына әділ билік жүргізеді. Төребай бидің патшалық Ресей губернаторымен келісімімен Орынбор жерінде өтетін жәрмеңкеге Сыр бойы халқы да жыл да барып сауда жасап тұрады. Халықтың ерсілі-қарсылы жүргенін жақтырмаған ресейліктер бұларға енді сол жерден жүруге тыйым салады. Әрі-бері айтқанымен олар келіспейді. Болмаған соң олар Төребай биге: – Керекті затымызды алып тұрушы едік, әрі қарай өткізбей қойды. Губернатордан бізге рұқсат алып беріңіз, – дейді.
Содан Төребай би Орынбор қаласы губернаторына аттанады. Қалаға келген бойы бірден губернатор кеңсесіне кірмек болады. Бірақ, есік алдындағы хатшы оған кіруге рұқсат бермей, біраз уақыт күттіреді. Бұған шыдамаған Төребай би тілмашына өзінің келгені жайлы бастыққа хабар беруін тапсырады. Көмекшісі кіріп кетеді де артынша ішке кіруге рұқсат етіп ишарат білдіріпті. Салмақты кейіппен ішке енген Төребай биді көрген губернатор сасып қалса керек. Төребай би амандық-саулық сұрастырған соң жұмысын бастырмалата айта береді. Биді ұйып тыңдаған губернатор келісімін береді.
–Рахмет губернатор мырза, ел басқарған соң осындай келісімді болу керек. Сонда ғана халқыңа жағымды боласың, – депті Төребай би.
Кетіп бара жатып тілмашқа Төребай би губернатордың қалай келіскенін айт деген екен. Сонда ол: – Басшыңның екі иығында екі жолбарыс отырғандай сұсты көрінді. Өзі де өктем, еркін сөйлейді, халқы сыйлайтын болу керек. Сол үшін де келісімімді бердім, –депті губернатор.
Міне, даңқы Қазалы, Ақмешіт, Орынбор, Ақтөбе атырабына жайылған Төребай бидің халқына жасаған игіістері ел жадында сақтауда бүгінде ауданымызда көше атауы берілген. Бұрынғы Жосалы ауылы қазір Төребай би есімімен аталады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні топырағын жел суырған қасиетті төмпешікті сәулеті келіскен күмбезді кесене қанатының астына алар күн туса, Төребай бидей қазаққа шарапаты тиіп, бабамыздың рухының алдында жүзіміз жарқын болар еді.
Бағдат НӨСЕРОВ,
Төребай би ауылдық клуб үйі директоры.
14 шілде 2018 ж. 3 608 1

Узаков Ясин от 15 шілде 2018 00:35
Я являюсь прямым потомком Главного посланника Абилхайр-хана - Таттимбета Былгакулы, т.е. Былгак би—ТАТТИМБЕТ би –Ерназар би –Кунтуар би – Мурат би – Агитай би –Узак би – Малик –Ясин – Ляйла,  Есет: (УЗАКОВ ЯСИН МАЛИКОВИЧ, УЗАКОВА ЛЯЙЛА  Ясиновна  и УЗАКОВ ЕСЕТ Ясинович).
ТАТТИМБЕТ би –Ерназар би –Кунтуар би – Мурат би – Пшан батыр, Агитай би
                              Пшан батыр --- ТОРЕБАЙ БИ – Кожа - Сабытбек
                              АГИТАЙ БИ – Узак би – Малик -- Ясин
 
02 января 1733 года посольство Тевкелева возвратилось в Уфу. Вместе с ним прибыла и казахская знать: второй сын Абулхаира султан Ералы, шомекей- ТАТТИМБЕТ-батыр БУЛГАКУЛЫ , внучатый племянник хана султан Нияз, ру-аксакалы Садык би, Кудай-Назар мырза, Мырзагельди батыр, Толебай мырза, батыры Кыпшак-Нурлы и Байгуншак с сопровождающими лицами. При этом султан Ералы направлялся с ханом Абулхаиром в Петербург в качестве аманата, доказывающего верность казахов российскому престолу.
Вскоре в Петербург прибыли влиятельные в степи тайпа-аксакалы ТАТТИМБЕТ батыр БУЛГАКУЛЫ и Баубек толенгит из Младшего жуза, Аралбай абыз и Ырыскельды батыр из Старшего жуза. Они тоже, по личному ходатайству Тевкелева, побывали на приёме у Анны Иоан-новны в сопровождении Нияз султана. Эти племенные старшины имели большие полномочия, поскольку были командированы решением общего собрания биев главных племён Старшего и Младшего жузов. На приёме они разъяснили, что по казахским обычаям ханы выбираются на курултаях ру-аксакалов. Каждый ру-аксакал наделён в отдельном роде-общине правом выражать волеизъявление этого рода на протяжении всего того времени, пока он пользуется доверием сородичей. 

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031