» » » Шалкиіз жырау. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық

Шалкиіз жырау. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық

Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 — 1560 жылдар аралығында ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жырау, суырып салма ақын Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленген. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізген. Жыраудың бізге жеткен шешендік сөздері мен жырлары 600 жолдың шамасында болғанымен,  туындылары әсерлі әрі өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызып, қазақ поэзиясында өзіндік сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Өз заманында елінің бірлігі мен ынтымағын аңсаған ақынның шығармалары бүгінде орыс тіліне аударылған. Назарларыңызға жыраудың ел есінде қалған қанатты сөздерін ұсынамыз. Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз, Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.  *** Жақсының өзі өлсе де – сөзі өлмейді. ***  Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер. ***  Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн. ***  Тең атаның ұлы едің: дәрежеңді артық етсе – тәңірі етті. ***  Тұсында болған  мәртті қорлама – табылмайды керекте. ***  Бар күшіңді сынамай – балуандармен күреспе. ***  Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.

26 маусым 2018 ж. 5 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930