» » СҮЛЕЙМЕН ЕСҚАРАЕВ КӨШЕСІ

СҮЛЕЙМЕН ЕСҚАРАЕВ КӨШЕСІ

Аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың 1992 жылдың 5-наурызындағы аудан аумағындағы және Жосалы кентіндегі көшелерге заман талабына сай атаулар беруге арналған шешімімен бұрынғы Шевченко көшесі қазақ елінің тұңғыш прокуроры, жерлесіміз Сүлеймен Есқараев көшесі болып өзгертілді.
Басы Омар Шораяқұлы атындағы мектептен басталып, аяғы «Жалағаш-Жосалы» автожолына дейін созылған көшеде 50-ден астам отбасы тұрады. Бұл көше Жосалы кентіндегі жасыл желекке бөленген көшелердің бірі.
Сүлеймен Есқараев – 1897 жылы киелі Дауылкөл мекеніндегі қарапайым шаруа отбасында өмірге келген. 1909 жылы Перовскідегі кірпіш зауытында жұмысшы болып бастаған ол кейіннен теміржол саласында еңбек етеді. Онда жұмысшылармен тығыз қарым-қатынаста болып, сол кездері елде белең ала бастаған революциялық саясатқа араласады. 1918 жылы большевиктер қатарына қабылданып, нағыз бостандық күрескері ретінде танылады және қалада құрылған қызыл партизандар отряды құрамында патша әскеріне қарсы соғысқа қатысады.
Сүлеймен Есқараев елде азамат соғысы аяқталған соң да жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, Сыр бойы халқының әлеуетін көтеруге белсене араласады.
Ел қамы үшін күрескен Сүлеймен Есқараев 1919 жылы Ташкент қаласындағы кеңестік партия мектебінде дәріс алып, оны тәмамдаған соң Сырдария облыстық партия комитетінің шешімімен Шымкент қаласына кеңестер съезін шақыру жөніндегі нұсқаушы қызметіне, ал 1921-1925 жылдары Ташкент қаласындағы облыстық төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары, Ақмешіт қалалық атқару комитетінің төрағасы, Ташкент қалалық Түркістан коммунистік партиясы орталық комитеті хатшысының орынбасары және басқа да лауазымды қызметтерді абыроймен атқарады. 1925-1928 жылдың қаңтары аралығында ҚазАССР Халық комиссариатында жұмыс істесе, 1929 жылдың алғашқы айларынан бастап Орынбор қаласындағы өлкелік тұңғыш милиция мектебінің басшылығына тағайындалады.
Сонымен қатар, ол1930 жылы Алматыдағы жоғарғы техникалық оқу орнында даярлық курстан өтсе, кейіннен Мәскеудегі жоспарлау академиясында жоғары білім алады. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң ол Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалса, 1936 жылы елімізде өз алдына дербес құрылым ретінде жұмысын бастаған прокуратураның тұңғыш прокуроры қызметіне тағайындалады.
Алайда, сол жылдарғы нәубат кезеңдерде елімізде «голощекиндік геноцит» атауымен жүргізілген зұлымдық шара қақпанына басқа да Алаш арыстарымен бірге түсіп, қамауға алынады.
Туған елінің болашағы үшін еңбек еткен Сүлеймен Есқараев қырық жастан асқанда сталиндік солақай саясаттың қуғын-сүргін құрбаны болып, КСРО Жоғарғы сотының 1938 жылғы 25-ақпанындағы бұйрығымен әйгілі 58-баппен ату жазасына кесіледі.
Сүлеймен Есқараевтың туған халқы алдындағы жарқын бейнесін, өнегелі өмір жолын халық жадында сақтауда бүгінде Қазақстан Бас Прокуратурасы жанындағы заңдылық, құқық тәртібін зерттеу және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру институты мен Қызылорда қаласы және Жосалы кентінде көше атауы, сонымен қатар №27 орта мектепке және Қызылорда облыстық прокуратура жанынан ведомстволық мұражайға есімі берілді.
28 шілде 2018 ж. 2 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031