» » Аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Аудандық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

ЖОСАЛЫ, 31 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтің №100-Ө/ЖҚ Өкімімен Назикбаев Дастанбек «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес Назикбаев Дастанбек 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне көзделген міндеттерді уақытша атқаруға міндетті арнайы тексеруден өткені туралы нәтижелерді алған күніне дейін қызметке қабылданды.


Назикбаев Дастанбек 1961 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 

1980-1982 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеген. 

1985-1990 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда Педагогика Институтын бітірген. 

Алғаш еңбек жолын 1982 жылы Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылында №107 орта мектепте ұстаздық қызметтен бастаған.

1982-1990 жылдары Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі; 

1990-1996 жылдары Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; 

1996-2005 жылдары Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектеп директоры;

2005-2006 жылдары Қармақшы аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі; 

2006-2009 жылдары аудандық білім бөлімінің меңгерушісі; 

2009-2012 жылдары №30 орта мектептің әлеуметтік педагогы; 

2012 жылы «Қармақшы таңы» газеті редакторының бірінші орынбасары; 

2012 жылдан бастап осы кезеңге дейін аудан әкімі аппаратында аудан әкімінің кеңесшісі қызметін абыроймен атқарып келді.
31 желтоқсан 2019 ж. 2 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930