Заман жаршысы


ЖОСАЛЫ, 26 маусым – qarmaqshy-tany.kz  28 маусым  журналистер күні.

Гүлжанат Өмірқызы Дүзенова 1990 жылдың 5 қарашасында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы №109 қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2006 жылы 9 сыныпты қызыл куәлікпен аяқтады. 2006 жылы Жеззқазған қаласындағы Жезқазған гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, аталған оқу орнынан “Іс қағаздарын жүргізу және мұрағатшы” мамандығын үздік дипломмен алды. 2009 жылдан бастап Жезқазған университетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” факультетін бітірген. 2009 жылдан бастап Сәтбаев қаласындағы №15 орта мектепте аға тәлімгер болып жұмыс істесе, 2012 жылы аудандық “Қармақшы таңы” газетіне әдеби қызметкер болып қабылданып, жауапты хатшы міндетін атқарды. Қазір бас редактордың орынбасары. Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы ақындар мектебінде білім алды. Осы мектептен ақындық өнердің қыр-сырын үйреніп, түрлі мүшәйраларға қатысып, айтыс алаңына шыға бастады. Жезқазған қаласында өткен “Өнер алды-қызыл тіл” атты шешендік өнер сайысына қатысып І дәрежелі диплом мен облысқа жолдама алып, Қарағанды қаласында өткен байқаудан ІІ орынмен оралды. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген жас ақындар мүшәйрасында ІІ орын, “Саған арнаймын, әсем қалам!” атты ақын, жырау-термеші Шынболат Ділдебаевтың жүлдесіне арналған Сәтбаев қаласының 35 жылдығына арналған жас ақындар айтысында ІІІ орын, 2009 жылы Қазақстандық жастар күні мерекесі қарсаңында қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және білім саласындағы озат жетістігі үшін Жезқазған қаласы әкімінің арнайы дипломы мен сыйақысына, Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с)-нің туған күні-Мәуліт мерекесі аясында өткен “Әбу Ханифа-Ұлық Имам, Мәшһүр ғалым” атты шығарма жазудан қалалық жарыста І орын, Сәтбаев қаласында жас мамандар арасында өткен “Жас талант” қалалық байқауында ІІІ орынды иеленді. 2011 жылы Қармақшы ауданында өткен “Тіл мәдениеті және шешендік өнер” байқауында бас жүлдені иеленіп, облыстық “Қазақ тілі қоғамы” ұйымдастырған осы байқауда бас жүлдені қанжығасына байлады. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткен аудандық жазба ақындар мүшәйрасында бас жүлде, Арал күндері аясында өткен облыстық жазба ақындар мүшәйрасында ІІІ орын, Цай Ден Хактың 100 жылдығына орай өткізілген жазба ақындар мүшәйрасында ІІІ орынды иеленді. Аудан, облыс әкімінің Алғыс хатының иегері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Туған жер тұнған шежіре» атты Ақтөбе ауылының тарихы туралы кітаптың авторы, «Нар тұлға» атты кітаптың редакторы. «Е.Сексенбаевтың туғанына 100 жыл» мерекелік медальдың иегері.
26 маусым 2020 ж. 1 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031