Ардақты ұстаз, аяулы ана
Саналы ғұмырын білім саласына арнап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдік қызметін абыроймен адал атқаруы арқылы әріптестерінің ризашылығына бөленген майталман маман, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі тәлімгер МАЙДАНОВА НЕСІБЕЛІ ЖОЛШЫБАЙҚЫЗЫ 38 жылдық еңбек өтілінен кейін құрметті еңбек демалысына шықты.

Ұлы Абайдың: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», деген қағидасын өмірлік мақсатына айналдырған НЕСІБЕЛІ АПАЙЫМЫЗДЫҢ қай кезеңде де алғашқылардың қатарынан көрініп, шәкірттері жүлделі жеңістердің жеңімпазы атанып жүргендігі, бұл да – ұстаз еңбегінің жанғаны, мәртебесінің дараланғаны.
Ұстаздың еңбек жолында аянбай тер төгіп, қабілетті шәкірттерді оқытуда уақытпен санаспады. Заман талабына сай ақпарат көздерімен жан-жақты қаруланған, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде еш мүмкіндікті құр жібермейтін, зор жауапкершілігін мойнына жүктеген жауапты маман ретінде кейінгі буын өкілдеріне өнегесімен таныла білді.
Ұстаздық мамандықтың қызығы мен қиындығы мол сара жолында саналы ұрпаққа адамдық дәнін сеуіп, болашаққа бағдар беру үшін де талмай ізденіп, жаңалықтың жаршысы бола білгені үшін НЕСІБЕЛІ АПАЙЫМЫЗҒА АЛҒЫС білдіреміз!
Адами ізгі асыл қасиет пен ізгілікті бойына жиған, байсалдылық, сабырлық, ой көзімен көре білер даналығы, ұлағатымен танылған қажырлы ҰСТАЗДЫ құрметті еңбек демалысына шығуымен шын жүректен құттықтаймыз!