» » Ауылдағы фельдшер

Ауылдағы фельдшер

«Бастапқыда абдырап қалдық. Бірақ салымызды суға кетірмей мықты болуға тырыстық» деп бастады әңгімесін алдашбайахундық ақ халатты абзал жан. Қазіргідей уақытта онлайн байланысқа шығып, емен-жарқын дауысын көк экранның ар жағынан естідік.
– Әрине, сұқбатқа уақыт табамын. Қазір алдындағыдай емес, аурудың беті қайтып келеді, – деді ол жадырай.
Біз де бір серпілгендей болдық.
Гүлнара Қатарбекқызы – көпбалалы ана. Әрі пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген білікті мамандардың бірі. Ол Қызылорда облысында медициналық колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алып, фельдшерлік акушерлік пунктіне химизатор медбикесі болып жұмысқа орналасады. Бертін келе 2010 жылы Алдашбай ахун ауылындағы Фельдшерлік акушерлік пунктіне қызметке келеді. Қазір қалаған саласы бойынша өз ісінің маманы.
Онымен байланысқанымызда ауылдағы қазіргі ахуалдың жай-күйіне қанықтық.
– Пандемияға байланысты ауылда біршама жұмыстар атқарылды. Індет өршімей тұрып та ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әрине бұрын той-тойлап, асқа бармағанды ұят болады деп қалмауға тырысатын. Ал қазіргі жағдай сыналатын уақыт емес. Сол үшін тұрғындарды барынша сабырға шақырып, үйінде болуын ескертіп жүрдік. Бірақ індет ауылды айналып өтпеді. 4 науқас тіркелді. Олар аудандық ауруханаға жеткізіліп, оның 3-еуі қазір айығып шықты. Ал 1 науқас әзірге ем-домын қабылдауда. Алдында 24 сағат бойы күн-түн демей қызмет атқардық. Ауырғандарға алғашқы көмек көрсетіп, жағдайы ауыр науқастарды аудандық ауруханаға жеткіздік. Ауыл тұрғындарына қолдан келгенше сақтық шараларын түсіндіру жұмысын әлі де жүргізіп жатырмыз. Ауырған жағдайда үйіне барып алғашқы көмек көрсетіп, жағдайы ауырларды аудандық ауруханаға жедел-жәрдем көлігімен жөнелтеміз. Індеттің өршуі басылды дегенмен босаңсуға болмайды. Алдын алу сақтық шараларын қатаң сақталуда. Дәрі-дәрмек те жеткілікті. Ауырып жатқан науқастарды көргенде біз де қатты қиналамыз. Сол науқастармен біз де бірге ауырып, жанымызды шүберекке түйеміз. Жер бетіндегі ешбір жан ауырмаса екен, – дейді Гүлнара Кәріқұл.
Кейіпкеріміз ақ халатты абзал жан болуды жастайынан-ақ армандаған. Жаны нәзік қыз ғұмыры 40 жасқа келгенше талмай-тынбай халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде.
Айнұр ӘЛИ

31 шілде 2020 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031