» » » «Жүрек-қан тамырлары аурулары көш бастап тұр»

«Жүрек-қан тамырлары аурулары көш бастап тұр»

Жайлыбай Құдайбергенов,
Амбуллаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
«Дені саудың – жаны сау» демекші, әрбір адам үшін денсаулық басты байлық. Ол айтпаса да түсінікті. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында егемен еліміздің өсіп-өркендеуі жолында айқындап берген басымдықтар ішінде ұлт денсаулығына айрықша көңіл бөліп келеді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай ілкімді істер атқарылуда. Осыған байланысты ауданның бас дәрігері Жайлыбай Құдайбергеновпен сұхбат құрған едік.
– «Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жатады. Осы біз ауырмайтын жол іздейміз бе, әлде ауырып ем іздейміз бе? Осы күні ақ халаттылардың алдына баратын жандардың жас айырмашылығы қандай өзі?!
– Ауданға қарасты ауылдардың барлығы дерлік бізге қарайтыны белгілі. Жыл сайын 25, 45, 65 жастан асқан қыз-келіншектер скрининг бойынша тексеріліп тұрады. Ер адамдар да кездесіп жатады. Көп тексерілуге келетін адамдар 45 жастан жоғары. Дерттің осы кезеңдерде сыр беретіні белгілі. Адам баласы жастайынан ауруға баса мән бермей, қарттық сыр бергенде немесе ауру мазалап, асқынған түрінде барып дәрігерге көрінеді. Біз мұнымен күресіп келеміз. Тіпті скрининг кезінде өзіміз аралап жүріп, дәрігерге баруын сұрайтын сәттер де жиі кездеседі. Біз айтып та жүрміз, айта береміз де. Өзіміздің денсаулығымыз өзімізге керек қой. Сондықтан ауыра бастағанда-ақ, дәрігердің алдына барған абзал.
– Экология дейміз, онан басқа мың сан сылтауымыз бар. Әйтеуір, соңғы кездері аурушаң болып бара жатқан тәріздіміз. Тымаудың да өзінің белең алатын уақыты бар. Осы күні аудан тұрғындары арасында қандай аурулар көш бастап тұр?
– Аудан бойынша өршіп тұрған дерт – жүрек қан-тамыр аурулары. Екінің бірі осы ауру түрімен ауырады десем артық айтқандық емес. Бұл дерт жас пен кәріге қарамайды. Бұрын тек егде тартқан кісілер ғана жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығатын. Қазір қылшылдаған жастардың өзі осы дертпен күресу үшін ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Біз де аурудың алдын алу мақсатында емханаға түрлі аппараттар әкеліп жатырмыз. Бұл бағытта атқарылып жатқан шаруаның ауқымы кең. Елбасынан бастап, қазір мемлекеттік деңгейде медицина саласына жіті көңіл бөлінуде.
– Осы ретте туындайтын сұрақтар бар. Әлгінде өзіңіз айтқан сан түрлі құрылғыларды қолданып жатырмыз ба? Осыған дейін облыстық деңгейде түрлі жаңа технологиялар алып, сувенир секілді қалып еді мамандардың жоғынан. Қазір қалыпқа келген ғой бәрі. Әйтсе де, салада қолдануға мүмкіндік бар ма және ол қандай құрылғылар?
– Өткен жылыаудандық реабилитациялық мақсатта 5 төсектік оңалту және хирургия бөлімшесінен 5 төсектік науқастарды сауықтыруға бағытталған бөлімше, сонымен бірге сол бөлімде жарақаттану және соның алдын алу мақсатында 5 төсек орындық бөлімше жұмыс істейді. Жаңа айтып өткенімдей, ауданымызға көптеген қажетті құрылғыларды сатып алдық. Атап айтар болсам, жаңа туылған нәрестелерге арналған инкубатор, көлікпен тасымалдауға арналған аппарат, жаңа үлгідегі ота үстелі, электр жүгірісі бар электрокардиограф және заманауи жедел-жәрдем көліктері. Барлығын пайдаланып, түрлі аурулардын алдын алуға атсалысып жүрміз. Негізі әлі де  жаңа құрылғылардың болғаны жақсы.
Ауданға қарасты елді-мекендердегі емханалардың бүгінгі хал-ахуалы қалай? Жағдайы сын көтере ме?
– Әрине, қазіргі ауданға қарасты емханалардың және фельдшерлік акушерлік пункттердің жағдайы жақсы. Қармақшы совхозы, Қуаңдария ауылы және Алдашбай ахун ауылдары халық санының аздығына байланысты фельдшерлік акушерлік пункт болды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қуаңдария және Қармақшы ауылдарына жаңадан емхана салыну жоспарлануда. Ал, мектептердегі медициналық пункттерде барлық жағдай жасалған.
Сұқбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
11 сәуір 2018 ж. 1 560 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 13:01
Where To Buy Generic Flagyl Online Without Prescription cialis 40 mg Relax De Propecia Wirkung Viagra Frau

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031