» » ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Мен Мемлекет басшысының 10 қаңтар күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауындағы ел экономикасын дамыту мақсатында алдағы жылдарға арналған басымдықтарымен мұқият танысып шықтым.
Оның ішінде, өзім денсаулық сақтау саласының маманы болғандықтан медицинаға арналған басымдықтар көңілімнен шықты. Осы жерде Елбасының «Денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуы тиіс»,-деген сөзіне толықтай қосыламын.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел болашағына арнаған өзінің кезекті құнды құжатында айқындалған басымдықтар туралы Үкіметке орындауды міндеттеген тапсырмалары арасында медицина саласы бойынша, нақтырақ айтқанда жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару, созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасау, онкологиялық аурулармен күресті күшейту мақсатында онкологиялық орталық құру, сондай-ақ ауруды ерте диагностикалау және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа модулін әзірлеу сынды медицина мамандары үшін өте керекті жұмыстарды сала мамандары үлкен қуанышпен қолдауда. Ал, ақпараттық жүйелерді біріктіру мен мобильді цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу мен «қағаз қолдан­бай­тын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалары тек менің ғана емес, барша қазақстандық дәрігерлердің көңілінен шықты деп ойлаймын.
Сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын даярлау туралы сала мамандарының көптен күткен құжаттарының бірі.
Ал, медицина кадрын сапалы даярлаудың маңыздылығына тоқталар болсақ, бұл ретте Назарбаев Университеті жанындағы медицина мектебінің тәжірибесін жүзеге асыру керектігі Елбасын туған халқының денсаулығы қатты алаңдатып отырғанын байқамыз.
Жайлыбай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігері.
18 қаңтар 2018 ж. 2 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031