» » ҰЛТ САУЛЫҒЫ БАСТЫ ОРЫНДА

ҰЛТ САУЛЫҒЫ БАСТЫ ОРЫНДА

«Халықтың өмір сүру ұзақ­тығының өсуіне және меди­цина­лық тех­нологиялардың
дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады».
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан.
«Дені саудың – жаны сау» демекші, әрбір адам үшін денсаулық басты байлық. Ол айтпаса да түсінікті. Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында егемен еліміздің өсіп-өркендеуі жолында айқындап берген басымдықтар ішінде ұлт денсаулығына айырықша көңіл бөліп келеді.
Міне, Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуда ілкімді істер атқарылуда. Оның ішінде, соңғы жылдары Сыр медицинасында ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар жетерлік.Толығырақ айтқанда, өткен жылы өңірімізде 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім 14,5 пайызға төмендесе, дүниеге келген сәби өлімі 17,3 пайызға, ал ана өлімі 100 пайызға төмендеді. Өңір тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын арттыру бағыты бойынша аймақ көрсеткіші 72,1 жасқа жетті. Сондай-ақ, аймақ орталығынан қант диабеті науқастарын емдеуге арналған «Диабет орталығы» ашылса, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 150 орындық аудандық аурухана іске қосылды. 23 арнайы мамандандырылған санитарлық автокөлік сатып алынды. 143 жас маман аймақтағы денсаулық сақтау, ал оның 82-сі ауылдық жерлердегі емдеу мекемелеріне тұрақты жұмысқа қабылданды. Тағы бір жайт, өткен жылы облыстық балалар ауруханасында ашылған хирургиялық бөлімшеде 1980 балаға ота жасалды. Бұл аймақ дәрігерлері үшін үлкен жетістік. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жарақтандырылуы едәуір өсті. Осы жылдар аралығында Сыр елінде 58 заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа медициналық нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.
Облыс әкімі ағымдағы жылдың 14 ақпанында халық алдында облыс тұрғындарына аймақ бойы­нша өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесуіндегі баяндамасында аймақ медицинасын дамытудағы осындай толымды жетістіктерге жеке дара тоқталып өтті.
Міне, осындай ауыз толтырып айтарлық жаңа­лықтармен жылды аяқтаған Сыр меди­цина­сының дамуына біздің де ауданның денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қосқан үлесі орасан.
Ал, енді өткен жылы өңірімізде сала бойынша атқарылған жұмыстарды саралайық. Ауданның бас дәрігері Жайлыбай Құдайбергенов бізге берген мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы аудан халқына стационарлық көмек көрсетуді 145 тәуліктік төсек қорымен бастаған аудандық орталық ауруханасы бекітілген межені 100 пайызға орындады. Медицина саласына бекітілген штаттық кестеге сай 861 сала маманы бүгінде аудан тұрғындарының денсаулығын арттыруда аянбай еңбек етуде. Өткен жылы аудан дәрігерлерінде 204835 тұрғын ем-дом алу мақсатында қабылдауда болса, оның ішінде 11283 балалар, 2455 жасөспірімдер және 25238 ересектер арасында сырқаттылық тіркелді.
Сонымен бірге, аудан тұрғындарының күндізгі емдеу стационарда емделу де жылдан-жылға өсе түсуде. Оған дәлел, өткен жылы күндізгі емдеу стационарында – 2991 науқас емделіп шықса, үйге шақыру мен белсенді көру – 29853-ге көбейген. Ал, 13688 балаларға шақырылым тіркелген.
Аудан бойынша алдыңғы жылдармен салыстырғанда жалпы өлім-жітім 5,2 пайыздан 4,5 пайызға төмендесе, оның ішінде өмірге келген сәби өлімі 12,9 пайыздан 8,7 пайызға, ал туберкулезбен ауру деңгейі 51,9 пайыздан 42,6 пайызға төмендеді. Айта кетерлік бір жайт соңғы үш жылдың көлемінде ауданымызда ана өлімі болған жоқ. Бұл әрине қуантарлық жайт.
Сондай-ақ, өткен жылғы жаңалықтар арасында аудандық орталық аурухана жанынан реабилитациялық мақсатта 5 төсектік оңалту және хирургия бөлімшесінен 5 төсектік науқастарды сауықтыруға бағытталған бөлімшелер, сонымен бірге сол бөлімде жарақаттану және оның алдын алу мақсатында 5 төсек орындық бөлімше төсек жұмыс істейді. Өткен жылы Ақай ауылындағы ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Төребай би ауылында жаңа амбулаториялық фельдшерлік пункт пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасы салынды. Сонымен қатар, өткен жылы ауданымыз бірнеше арнайы мамандандырылған санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Елбасы биылғы Жолдауында «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек», – деді. Міне, осы бағытта да ауданымызда біршама жұмыс атқарылуда. Расында да, аудан тұрғындарының негізгі бөлігі жастар. Осы бағытта өңірімізде облыстық Жастар орталығының аудандық құрылымдық бөлімшесі жастар денсаулығын нығайтуда аянбай еңбек етуде. Орталықта тәжірибелі дәрігер мен психолог маман жастарға түрлі бағытта кеңес береді. Олар саламатты өмір салтын қалыптастыруға атсалысады.
Жалпы өңірімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша да жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілуде. Әлбетте, оған дайындық жұмыстары да нақтыланған. Мамандар тарапынан да тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
23 ақпан 2018 ж. 1 427 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 14:11
Purchase Effexor Xr Tadapox Review Ceallas And Viag For Sale que es el kamagra No Prescription Strattera How To Use Kamagra Tablets

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031