» » Алғыс арқалаған абзал жан

Алғыс арқалаған абзал жан

Ауырғанда мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы емделушінің дертінен айығуына себепкер болатын – ақ халатты абзал жандар. Олардың арқалаған жүгі жеңіл емес. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салада абыройлы еңбек етіп, науқастардың алғысына бөлену көптің қолынан келе бермейді. Сондай жұмысты абыроймен алып жүргендердің бірі – Айгерім Балымбетова.
Ол 1988 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1995-2006 жыл аралығында Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебінде білімін шыңдайды. Білім ордасынан түлеп ұшқан соң Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде тер­апия мамандығын алып шығады. Енді ғана оқуын бітірген жас маман араға көп уақыт салмай «Шипагер» емханасының күндізгі емдеу бөлімінде терапевт дәрігері болып еңбек жолын бастайды.
– Қызметке алғаш тұрған жылдары Кеніш Мақсұтова, Сақып Кенжебаева, Маржан Жалғасбаева, Камария Сүлейменова, Фарида Сарыбаева, Әділбек Мәліков, Сәуле Қазтаева секілді дәрігерлер жол сілтеп, тәжірибемді шыңдады. 2016 жылдан бастап білімімді жетілдіріп, қазір №7 аймақтың жалпы тәжірибелік дәрігер қызметін атқарып келемін. Өзіммен бірге аймақта Жанар Өмірбекова, Мира Бухарбаева, Ағираш Каримова, Райхан Жарылқасынова, Света Есқалиева, Әсел Асылбекова секілді медбикелермен бірге жұмыс істеудемін, – дейді Айгерім Болатқызы.
Қазір ақ халаттылар заман талабына сай әркез білімін жетілдіріп, сауаттылығын арттыруда. Көпшілікпен тіл табыса білгені де құба-құп.
– Келген науқасты жылы шыраймен күтіп алып, оған мейіріміңді төгіп, ем-домыңды жасасаң алғысын арқалайсың, – дейді ол сөз арасында.
Бүгінде кейіпкеріміз теңім деп тапқан азаматы Нұрлыбек Сайымовпен отбасын құрып, қыз тәрбиелеп отырған ибалы жар, инабатты келін. Бірнеше жылын антына адал болуға арнаған ол халыққа қызмет көрсетуде еңбек етіп келеді. Білікті адам қашан да айналасындағылардың тілін таба алады. Жылы шыраймен қолдан келген көмегін аямайды. Айгерім де сол жақсылыққа лайықты маман.

Айнұр ӘЛИ

30 тамыз 2021 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031