Турнир ұйымдастырылды
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас көшбасшы, көрнекті ұйымдастырушы Қанбаев Абзал Болатұлын еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өткізілді.
Абзал Болатұлы 1989 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. 2011 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі қызметінен бастап, өзінің біліктілігімен төраға лауазымына көтерілген.
2011 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы қызметін, 2013 жылы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы қызметін атқарды. 2014 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы қызметінде еңбек сіңірген.
Елге сіңірген еңбектері үшін бірнеше алғысхаттармен марапатталған.
Мемлекеттік идеологияны жүргізуде, сындарлы саясатты халық арасында оң бағытта насихаттауда белсене еңбек еткен Абзал Болатұлының өмірі өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалары сөзсіз. Абыройлы істері мен азаматтық бейнесі Біздің бәрімізге мақтаныш және жадымызда мәңгі сақтала бермек.
Турнир қорытындысы бойынша:
I орын - "Альянс" командасы;
II орын - "Жаңақорған" командасы;
III орын - "Қармақшы" командасы.
Турнирге қатысушы командалар кубок, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы бұл турнирді жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр.