» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

   Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 17-18 сәуірінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында аудан тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, жастар өкілдері қатысты.
Кездесулерге Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының прокурорлары және Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің аудандық ішкі іскер бөлімдерінің қызметкерлері, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі, халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары Алтынбасова Жанар Жағыппарқызы қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарламаларын жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
Бұл бағыттағы шаралар облыстың қалған аудан орталықтарында өз жалғасын табатын болады.

19 сәуір 2018 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 103
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031