» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осы жылдың 17-18 сәуірінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында тұрғындармен кездесу жиындары ұйымдастырылған. Кезекті шара аудандық жастар ресурстық орталығында бой көрсетті. Оған мемлекеттік қызметкерлер, ішкі істер органы, білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиынға «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қорының директоры Жандос Бектайұлы мен орынбасары Жанар Алтынбасова қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысушы тұрғындар мен қызметкерлер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалнама толтырды.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
18 сәуір 2018 ж. 1 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930