Құрылтай
» » » Ұлағатты ұстаз Нағима Ахмадеева – 100 жаста"

Ұлағатты ұстаз Нағима Ахмадеева – 100 жаста"

2018 жылғы 17 наурыз күні сағ 11-00 де Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Нағима Абдулқызы Ахмадееваның туғанына 100 жыл толуына орай "Ұлағатты ұстаз Нағима Ахмадеева – 100 жаста" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты Нағима Абдулқызы Ахмадееваның өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру. Көрмеге облыстық тарихи-өлкетану музейі мен архив қорында жинақталған Қазақстанның… еңбек сіңірген мұғалімі Н.Ахмадееваның фотосуреттері мен құжаттары қойылды. Нағима Абдулқызы 5 наурыз 1918 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. 22 шілде 2003 жылы Қызылорда қаласында дүниеден өткен. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1957 ж). Семей мұғалімдер институтын бітірген (1936 ж ). 1936-1943 жж облыс мектептерінде мұғалім, 1943-1945 жж Петропавл қаласының аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1945-1950 жж Қызылорда қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі, 1950-1952 жж қалалық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған. 1952-1978 жж Қызылорда қаласындағы №112 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің директоры болды. Н.Ахмадиева Қызылорда қаласының Құрметтті азаматы. Ленин ордені және бірнеше медальмен марапатталған.




17 наурыз 2018 ж. 2 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 651
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31