» » Мейірбан медбике

Мейірбан медбике

Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы емделушінің дертінен айығуына себепкер жанның бірі – медбике. Әрине, халықпен жұмыс істеу қызық әрі қиын. Оған жүктелетін жауапкершілік те көп. Осындай жауапкершілігі жоғары жұмысты абыроймен алып жүргендердің бірі – Гүлшат Үмбетова.
Ақ халатты жандардың сенімді серігіне айналған медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкер­шілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен медбикенің ұқыптылығына байланыс­ты. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен кейіпкеріміз алдына келген науқастан көмегін аяған емес.
Гүлшат Үмбетова 1982 жылдан бері аудандық емханада №8 учаскелік аймақта акушерка болып жұмыс істейді. Ол өзіне қарасты аймақта тұратын жүкті әйелдер мен болашақ аналардың уақытылы дәрігерлік тексерістен өтуін қадағалап отырады. Медицина саласында қырық жылға жуық үздіксіз еңбегі елеусіз қалған емес. Әр жылы аудан, облыс әкімдігі мен денсаулық басқармасының марапатын иеленген.
Негізі медицина саласында «ерліктің көбін медбикелер жасайды» деген тәмсіл бар. Әсілі бұл сөздің айтылуы да тегін емес.
– Мейірбикелер науқастың күтім процесіне толығымен жауапты, сол үшін де басты міндеті – мейірім көрсету. Біз емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін кәсіби психологиялық және рухани қасиетімізді іске қосамыз. Ауырып келген адамдарды шын көңілмен, мейірімді жүрекпен қарсы аламыз. Оның ішінде жүкті әйелдердің шағымын тыңдаймыз. Әрине, болашақ ананың күтімі, денсаулық жағдайы туралы үнемі кеңес беріп отырамыз. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе, бойына жаңа күш қосылады. Осындай зор шабытпен жасап жүрген қызметім мені биікке жеткізіп отыр – дейді кейіпкеріміз.
Расымен де, қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, мейірбике­лер атқаратын жұмыс асқан жауапкер­ші­лікті қажет етеді.
Гүлшат Үмбетова бүгінде отба­сының берекесін ұйытып, балаларын өсіріп, жарының да қас-қабағын бағып отырған ардақты жан, аяулы әже. Отағасы Болысбек "АТС" мекемесінде күзетші болып еңбек етеді. Бүгінде екеуі екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, олардан тоғыз немере сүйген бақытты отбасылардың қатарында. Үлкен ұлы Данияр Алматы қаласында жеке кәсіппен айналысса, қызы Жанар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатаның аудандық филиалында менеджер болып жұмыс істейді. Ал кенже ұлы Мадияр ­­аудандық статистика басқармасында көлік жүргізуші.
Білікті, жан-жақты адам қашан да айналасындағылардың тілін та­уып, жылы шырай танытады, қолынан келген көмегін аянып қалмайды. Кейіпкеріміз де дәл сондай жанның бірі. Жұмыста да, үйде де ауызбіршілікті, бірлікті алдыңғы орынға қояды.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 маусым 2021 ж. 1 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930