» » Ауылдағы амбулатория

Ауылдағы амбулатория

Денсаулықты сақтайтын – дәрігер болса, олардың халыққа қызмет жасауына мүмкіндік жасайтын – емхана. Ауылдағы ағайын тағы бір қуанышқа кенелді. Ақтөбе ауылында былтыр жаңа дәрігерлік амбу­латория бой көтерді. Бұған дейін халыққа қызмет еткен медпункт былтырғы жылдан бері су жаңа ғимаратқа көшкен. Емхана тарихы 1986 жылдан бастау алады.
Шағын ғимаратта орналасқан дә­рігерлік амбулаторияда бүгінде 1 дәрігер 7 медбике, 1 көлік жүргізуші, 5 техникалық қызметкер еңбек етуде. Сонымен қатар 5 орынды күндізгі емдеу стационары жұмыс істейді. Емхана жұмысымен медбике Гүлсім Башенов таныстырды. Әңгіме барысында ауылдық амбулаторияның күндізгі емдеу стационарында ауыл тұрғындары күнделікті ем қабылдап жатқанын байқадық. Олар ақ халатты абзал жандарға дән риза екенін айтып, жаңа емхананың пайдалануға берілгенін қуанышпен жеткізді.
Дәрігерлік амбулаторияның дәрігері Ақбота Жакенованың айтуынша, емханада былтыр елдегі пандемия жағдайында күніне 60 адамға дейін ем-шаралық көмек көрсетілген.
– Біздің басты міндетіміз – аурудың алдын алу, науқастың диагнозын дөп та­уып, уақытында ем-шара қолдану. Халықты дәрігерлік тексерістен өткізіп тұру, – дейді ол.
Иә, мұнда тұрғындар аудандық ем­ханаға бармай-ақ анализ тапсыра алады. Жаңа заманғы технологияға сай жабдықталған амбулаторияда арнайы талдама кабинеті бар. Мұнда тапсырған талдама қорытындысы да жылдам шығады. Емханада жалпы 44 кабинет бар. Ауызбен суландыру бөлмесі, зертхана, әйелдерді қарау бөлмесі, күндізгі стационарға арналған 2 кабинет, тағы басқалар.
Мұндағы медицина қызметкерлері та­ңертеңгі сағат 8.00-ден 18-00-ге дейін тұрғындарға емханалық қызмет көрсетеді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 наурыз 2021 ж. 1 533 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930