» » Жаңа кейіпке енген емхана

Жаңа кейіпке енген емхана

Қазақ, «Үйі жоқтың – күйі жоқ» дейді. Мұны сөздің астарына үңілген әрбір жан біледі. Ал баспана бола тұрып оның ішкі жағдайы болмағаны әсте қиын. Темір жолдың арғы бетінде «Шипагер» атанып кеткен шағын емхана бар. Дертіне шипа іздеген науқасқа пана болған осы бір ғимарат талай жанның сырқатына жәрдем болды. Осыдан біраз жыл бұрын емхана болмай тұрып бұл жерде үлкен «механикалық зауыт» жұмыс істеген. Кейін 1998 жылы зауыт тоқырауға ұшырап ғимарат бос қалған. Аудан басшылығы кенттің батыс бетіндегілерге орталық ауруханаға қатынау қиынға соққасын бос орынды халықтың игілігіне жарасын, қызмет жасасын деп «отбасылық-дәрігерлік емхана» етіп ашып берген.
Бұл емхананың «Шипагер» атануының өзіндік тарихы бар дейді осында еңбегі сіңген аяжан – Баян Сармолдина.
– 1999 жыл ауыр кезең болды. Емхана ашылған кезде ғимараттың жағдайы өте төмен болатын. Жазда іші ыстық, қыста өте салқын. Келген науқасқа қолайсыз. Сол уақытта қызметке кірген сала қызметкерлері қиындыққа мойымай жұмыс істедік. Халыққа шапағатымыз тию мен қатар шипа болсын деген ниетпен «Шипагер» деп ат қойдық. Міне осы атаумен ел-жұрт бізге келіп ем алады, – дейді медбике.
Өзгелер жаңа ғимаратқа кіргенін атап өтіп тойласа, шипагерліктер Мәуліт айының соңғы күнімен қатар келген игілікке шүкіршілік етіп, ас берді. Ауданда қызмет еткен ел ағаларының батасын алды. Осы қуанышқа жеткізген әуелі Жаратқан иеміз болса, одан кейін қолдау көрсетіп атсалысқан аудандық емхананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, аудан ардагерлері Иса Бисенов, Ахметқали Алмағанбетов және аудан әкімшілігіне шексіз алғыс білдірді. Осы салада қызмет етіп, бақилық болған әріптестерін еске алып дұға бағыштады.


Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 желтоқсан 2019 ж. 2 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031