» » АУДАНДЫҚ ЛИГА АҚПАРЫ

АУДАНДЫҚ ЛИГА АҚПАРЫ

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Қармақшы аудандық футбол федерациясы» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдас­тыруымен шағын футболдан І чемпионат  ақпан айында басталған еді. Жақында осы  лиганың  І айналымы өз мәресіне жетті. Біріншілікте 8 команда бақ сынауда.
Мақсат – ауданда шағын футболды дамыту арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру. Жастар жылына байланысты ұйымдастырылған бұл шараға жастардың қызығушылығы жоғары. Шағын футбол біріншілігінің І айналымындағы 7 турдың қорытындысы бойынша І орында 15 ұпаймен «Жаңа халық», ІІ орында 15  ұпаймен «Емхана», ІІІ орында 14 ұпаймен «№16 спорт мектебі», ІV орында 10 ұпаймен «Жастар» командасы тұр.  V орынды 9 ұпаймен «№250 мектеп – лицейі», VІ орынды 7 ұпаймен «№15 спорт мектебі», VІІ орынды 6 ұпаймен  «Аудан әкімдігі», VІІІ орынды 1 ұпаймен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы командасы толықтырды.
І айналымда үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға арнайы номинациялар берілді. «Үздік қақпашы» – Дәулет Мустахим (аудан әкімдігі),  «Үздік қорғаушы» – Мадияр Байшылықов (№250 мектеп – лицей), «Үздік шабуылшы» –    Данияр Қалымбетов (емхана), «Ең көп гол салған ойыншы» – Рахат Сұлтанбеков (№16 спорт мектебі), «Үздік ойыншы»  –  Ерсұлтан Құлтаев  (Жаңа халық банк), «Ең тәртіпті команда» – «Жастар» командасы, «Ең үздік гол» – Данияр Нұралиев (№16 спорт мектебі), «Үздік төреші» номинациясын Жалғас Қадырберген иеленді.
Доп додасы маусым айына дейін жалғасады.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
15 сәуір 2019 ж. 1 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930