» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Өткен сенбі күні аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойы мен тамыздың үшінші жексенбісі ҚР спорт мерекесі күніне орай аудандық орталық стадионда, денешынықтыру және сауықтыру кешені мен №183 орта мектепте «Алтын күз-2018» ауыл спортшыларының аудандық спартакиадасы өтті.
Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев спорттық шараға қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеп, ауданда спорт саласы бойынша атқарылып жатқан ілкімді істер мен өңір спортшыларының түрлі деңгейдегі жарыстарда қол жеткізген жетістіктері жайлы айтты.
Сөз кезегінде аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев спортшыларды жарыстың мақсатымен таныстырып, сәттілік тіледі.
Спартакиада спорттың жеті түрі бойынша өтіп, оған аймағымыздың барлық елді мекенінен 10 команда қатысты.
Нәтижесінде шағын футбол мен гір тасын көтерушілер және асық ату жарысында Дүр Оңғар ауылы құрамасы І орынды жеңіп алса, волейболдан тартысты өткен жарыста және арқан тартушылар мен үстел теннисінде Төретам кентінің құрамасы өзге командалардан оза шауып, жеңімпаз атанды. Ал, қол күресінен Қармақшы ауылының білектілері барлық қарсыласын жеңіп, жарыстың биік шыңынан көрінді.
Жалпы командалық есеп бойынша дүроңғарлықтар 88 ұпаймен спартакиада жеңімпазы атанса, 79 ұпаймен төретамдықтар II орынға, ал 75 ұпаймен Қармақшы ауылының спортшылары ІІІ орынға көтерілді.
Спартакиада жеңім­паз­дары мен жүлдегер­лері арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».
20 тамыз 2018 ж. 2 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031