» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ САУЛЫҒЫ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ САУЛЫҒЫ

Жақында ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектебінің «Балдәурен» тынығу лагерінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Тиімді тілдік орта» атты сайыс өтті.
Балаларға ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс барысында оған қатысушылар әділқазылар қойған талаптар бойынша өзара бақ сынысып, оның қорытындысымен, яғни «Қол күрес», «Арқан тарту», «Асық ату», «Тоғыз құмалақ» ойындары бойынша«Алғырлар» 14 ұпаймен І орынды жеңіп алса, «Қыран» тобы 10 ұпаймен жүлделі ІІ орынды иемденді.
Шара соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Нұргүл АЙТБАЕВА,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық
этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы.
06 шілде 2018 ж. 2 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 799

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930