Құрылтай
» » Ұлттық ойын ойнатылды

Ұлттық ойын ойнатылды

Ағымдағы жылдың маусымында Қармақшы ауданы, 3 Интернационал ауылы, №108 орта мектебінің «Балдәурен» тынығу лагерінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қармақшы аудандық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Тиімді тілдік орта» атты сайыс өтті. Сайысқа мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Әділбаев, лагерь тәрбиешілері және тәрбиеленушілері қатысты. Шара мақсаты балаларға ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттауға бағытталған. 
Сайыс «Қол күрес», «Арқан тарту», «Асық ату», «Тоғыз құмалақ» ойындарынан құралған 4 кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтауда «Қырандар» тобы 10 ұпаймен ІІ-орын, «Алғырлар» 14 ұпаймен І-орын иеленді. Шара соңында жеңімпаздар марапатталды.
28 маусым 2018 ж. 1 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 483
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 973

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031