» » Апталығы болып өтті

Апталығы болып өтті

Мектепте «Математика - ақыл – ойдың кеніші» тақырыбында математика пән апталығы болып өтті. 
Оқушылардың ой ұшқырлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыруда 7-9–сыныптармен «Кубик-рубик» /текше пішінді зат/ ойыны ұйымдастырылып,жеңіске жеткен 9 «Б» сынып оқушысы Олжабай Жомарт «Бас жүлде», 8 «Б» сынып оқушысы Каналбеков Ерасыл І орын, 5 «Б» сынып оқушысы Жұма Руслан «Үздік нәтиже», 10 «А» сынып оқушысы Ібай Сүлеймен «Үздік нәтиже» көрсеткені үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды. 
Аптаның екінші күні 5-6 - сынып оқушыларымен «Ғылымға құштар жас өрен» математикалық ойында әділ – қазылар алқасының шешімімен 5 «Б» сынып «Үшбұрыш» тобы 107 ұпаймен «Бас жүлде», 5 «А» сынып «Шаршы» тобы 104 ұпаймен І орын, 6 «Б» сынып «Ромб» тобы 85 ұпаймен ІІ орын, 6 «А» сынып «Трапеция» тобы 36 ұпаймен ІІІ орынды иеленді. Ойын барысында 6 «Б» сынып оқушысы Алтайбек Райса, 6 «А» сынып оқушысы Әбдіқадіров Данил, 5 «А» сынып оқушысы Қосжанов Парасат, 5 «Б» сынып оқушылары Әбибуллаева Дана, Әбдікамалова Ару, Кеңшілік Әзизалар тапқырлығымен белсене қатысты.
7-8- сынып оқушыларымен «Көңілді математика алаңы» математикалық сайыста 7 «А» сынып «Логика» тобы 57 ұпаймен «Бас жүлде», 7 «Б» сынып «Математика» тобы 55 ұпаймен І орын, 8 «А» сынып «Арифметика» 51 ұпаймен ІІ орын, 8 «Б» сынып «Геометрия» тобы 47 ұпаймен ІІІ орындарды иеленді.
Математика пәнінің мұғалімі Әшірова Гүлнараның ұйымдастыруымен 11 - сынып оқушылары арасында «Bilimlant.kz сайтынан itest мүмкіндіктерін математика сабағында қолдану» жұмысынды ой ұшқырлығымен “Үздік нәтиже” көрсеткені үшін 11 “А” сынып оқушысы Сұлтанбекова Жанерке марапатталды.
Апта соңында 5-10 сыныптармен «Математика – ақыл – ойдың кеніші» тақырыбында математикалық кеш ұйымдастырылды. Мектеп директоры А. Кенжеева өз сөзінде еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан - жақты дамыған, зерек болуы – заман талабы екендігін айта келіп, апта бойы жүргізілген шараларға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттады. Мектепте болашағына үміт артатын оқушыларымыз аз емес.Олар қорытынды кеште өз өнерлерін ортаға салды.
5 «А» сынып оқушысы Қосжанов Парасаттың орындауында «Математика әлеміне саяхат» әні, көрермендермен шардағы сұрақтарға жауап беру арқылы ойын, 9 сынып оқушыларының математикалық көрінісі, 10 «А» сынып оқушыларының «Функция графиктері» флешмоб биі, 7 «А» сынып оқушысы Әзілханова Дилназдың «Математика» әні / «Ананың тілі» әнінің мотивімен/ , 9 «Б» сынып оқушысы Сұлтанбеков Қуаныш «Әскери жылдам көлік» атты жұмысымен таныстыруы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының мол екендігін көрсетті.

13 ақпан 2019 ж. 1 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031