» » «Толағай ақын, толастамас жыр иесі»

«Толағай ақын, толастамас жыр иесі»

№26 мектеп базасында, қазақтың аяулы ақыны, сөз зергері, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым шығармаларын жастар арасында насихаттау, қазақ әдебиетін дамыту, халық арасынан талапты да талантты жастарды анықтау мақсатында «Семсер жырдың қорғаны Әбділда Тәжібаев оқулары» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі болып өтті. Байқауға 6-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Ә.Тәжібаев – ірі драматург» оқушылар ақынның драмалық шығармаларының бірінен сахналық қойылым көрсетті. «Шабытым жайсын қанатын» атты жас ақындар мүшайрасында өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыды. Байқауға аудандағы 29 мектептен 100-ге жуық оқушы қатысты. «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша №26 мектептің 7 сынып оқушысы Серикова Жасмин І орынмен, №29 мектептің 9 сынып оқушысы Жаппарова Еңлік, №28 мектептің 6 сынып оқушысы Сағатова Тоғжан ІІ орынмен, №185 мектептің 7 сынып оқушысы, №272 мектептің 6 сынып оқушысы Абилтаев Құдайберген, №80 мектептің 9 сынып оқушысы Жұмажанова Қарақат, №183 мектептің 7 сынып оқушысы Төлеген Диас ІІІ орынмен, №269 мектептің 9 сынып оқушысы Қазыбекұлы Олжас алғыс хатпен марапатталды. «Шабытым жайсын қанатын» атты жас ақындар мүшайрасынан №29 мектептің 7 сынып оқушысы Смайылұлы Бекқанат І орынмен, №107 мектептің 9 сынып оқушысы Ақылбеков Асылжан, №105 мектептің 9 сынып оқушысы Нұркеева Ақерке ІІ орынмен, №275 мектептің 10 сынып оқушысы, №250 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мейрамбекова Ұлболсын, №108 мектептің 9 сынып оқушысы Қуанышова Аяулым ІІІ орынмен марапатталды. «Ә.Тәжібаев – ірі драматург» сахналық қойылым номинациясы бойынша №269 мектептің 7 сынып оқушылары «Майра» пьесасынан үзінді қойып І орынды, №26 мектептің 8-10 сынып оқушылары «Майра» пьесасынан, №80 мектептің 7-9 сынып оқушылары «Күзетші» драмалық шығармасынан үзінді көрсетіп ІІ орынды, №109 мектептің 10 сынып оқушылары «Майра» пьесасынан, №85 мектептің 8 сынып оқушылары «Жомарттың кілемі» драмалық шығармасынан, №99 мектептің 9 сынып оқушылары «Көтерілген күмбез» драмалық шығармасынан үзінді көрсетіп ІІІ орынды иеленді. Бірінші орын иелері облысқа жолдама алды.


27 қаңтар 2019 ж. 548 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 11:41
Priligy Precio En Espana cialis Propecia Facial Hair Come Acquistare Cialis In Farmacia Prescription Drugs Bought Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9842)

19 қараша 2019 ж.

№89 (9841)

16 қараша 2019 ж.

№88 (9840)

12 қараша 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930