Ұрпағымын ұлтымның
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлттық рухын көтеру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да намысты, елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 12.03.2018жылы күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық оқушылар үйінде жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұрпағымын ұлтымның» тақырыбында мүшәйра болып өтті. №275 мектептің 10 сынып оқушысы Туртбаева Перизат «Қазақ елім», «Жер кіндігі Байқоңыр» тақырыбында өз өлеңін орындап жүлделі «Бас жүлдеге» ие болып, №121 мектептің 9 сынып оқушысы Серіков Еркебұлан «Тәуелсіздік тұғырым», «Махамбет-мақтан тұтар ақын ағам» тақырыбында шығармашылығын орындап жүлделі І орынды иемденіп, №107 мектептің 8 сынып оқушысы Әбдразақ Мадияр «Тәуелсіз қазақ елі», «Жарқын өмірді қалаймын» тақырыбында, №109 мектептің 5 сынып оқушысы Әбдуәлиқызы Ұлжан «Рухани жаңғыру», «Қазақ елі» тақырыбында өз өлеңдерін оқып ІІ орынды еншілеп, №80 мектептің 5 сынып оқушысы Нұрғабыл Елжан «Отан ана», «Бір өлеңді батырыма арнадым» тақырыбында, №250 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Мұхамедқали Шамиль «Тәуелсіз қазақ елім», «Өз атама» тақырыбында өлеңімен ІІІ орынға ие болды.№80 мектептің 8 сынып оқушысы Асылханова Арайлым «Қайсар қазағым», «Жырым-сырым» тақырыбында, №27 мектептің 7сынып оқушысы Амангелді Әділет «Қазақ елі отаным», «Нұр ата» тақырыбында, №28 мектептің 8сынып оқушысы Нағашыбай Ділназ «Қызылорда», «Тәуелсіз қазақ елім!» тақырыбында, №250 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Айтжанова Маржан «Жаса Тәуелсіздігім!», «Сабыр» тақырыбында,№107 мектептің 8 сынып оқушысы Данабек Нұркелді «Тәуелсіздік тірегім», «Жарқын өмірді қалаймын» тақырыбында, №275 мектептің 9 сынып оқушысы Шариканова Әлия «Тәуелсіз қазақ елі», «Анама» тақырыбында, №109 мектептің 9 сынып оқушысы Кенжебекова Гүлсіңай «Ұрпағымын қазақтың», «Мерекелік тілек» тақырыбында өз шығармашылықтарын мәнеріне келтіріп орындап алғыс хаттармен марапатталды. Іс шара мағыналы өтті.
Пікір 2