» » Байқоңырдағы емхана жақын маңдағы ауыл тұрғындарына да қызмет көрсететін болды

Байқоңырдағы емхана жақын маңдағы ауыл тұрғындарына да қызмет көрсететін болды

Қармақшы ауданына қарасты Ақай мен Төретам елді мекендерінің тұрғындары енді Байқоңыр қаласында ашылған емхана қызметін пайдалана алатын болды. Емхана енді облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалы есебінде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Ақай мен Төретам тұрғындары 90 шақырым қашықтықта орын тепкен Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентіндегі медициналық қызметті пайдалануға мәжбүр еді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық медицина орталығының Байқоңырдағы филиалында Қазақстан азаматтары үшін емхана жұмыс істей бастады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап республика бойынша тұрғындарды емханаларға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Байқоңыр қаласында ашылған емхана бұл науқанға алғаш рет қатысып отыр.
Медициналық орталық қажетті мамандармен толығымен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, қазір ҚР азаматтары, оның ішінде зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар және Байқоңыр қаласында тұратын жұмыссыз азаматтар облыстық медициналық орталығы филиалының қызметін пайдалана алады.
Қазіргі таңда, вакцинация жасау, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмектермен қамту, диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, алдын-ала тексеруден өткізу атап айтсақ, әскерге шақыру алдындағы және жасқа толғанға дейінгі балаларды медициналық тексеруден өткізу сияқты бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды.
syrboyi.kz

27 қыркүйек 2018 ж. 2 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930