» » БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР ЕЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕДІ

БАЙҚОҢЫРЛЫҚТАР ЕЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕДІ

Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтары енді ел тұрғындарымен тең дәрежеде медициналық көмек алатынын жеткізді. Бұл туралы 24.kz мәлемдеді.
63 жылдан бері шаһар мәртебесін иеленетін елді мекеннің тағдыры палата депутаттарының талқысына негіз болды. Яғни «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының қызметкерлері мен Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзерістер енгізілді. Бұған дейін 48 мыңнан астам қазақстандық медициналық көмекті тек ресейлік ұйымдардан және сол елдің заңнамасына сәйкес алып келді. Енді жаңа заң жобасы арқылы Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын Қазақстан азаматтары ел медицинасының игілігін көреді. Айта кетейік, шаһарда осыдан 2 жыл бұрын денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл 30 мың адамға арналған емхана ашылды.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бұл хаттама аталған аумақта халыққа көрсетілетін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің толығымен орындалуына ықпал ететіні хақ. Қарастырылып отырған келісім жобасы уақытылы және негізді болып, аталған мәселелердің шешімін тауып, Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің аумағындағы қазақстандық медициналық ұйымның құқықтық бекітілуіне құқықтық өзгерістер туғызып, Қазақстан Республикасы үшін жағымды құқық қалыптастырады.
21 маусым 2018 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728