» » Соңғы 30 жылдан бері Байқоңырда алғаш рет тұрғын үй салына бастады

Соңғы 30 жылдан бері Байқоңырда алғаш рет тұрғын үй салына бастады

Соңғы 30 жылдан бері Байқоңырда алғаш рет тұрғын үй салына бастады Байқоңыр қаласында соңғы 30 жылдан бері алғаш рет тұрғын үй құрылысы басталды.
Жаңа баспананы Қазақстан тарапы жүргізбек. Алайда қалада бұдан өзге де қордаланған мәселе аз емес. Инженерлік инфрақұрылымның тозығы жеткен. Электр қуаты мен газ қымбат. Жөндеуді қажет ететін жолдар да аз емес. Дегенмен сірескен сеңге қозғау болар бірқатар жоба да бар. «Үкіметаралық комиссияның шешімімен қолға алынған ұзақ мерзімді даму бағдарламасы жұлдызды қалашықты жарқын болашаққа жетелейді», – дейді мамандар.
Тозығы жеткен жолдың бірі Төретам кенті мен Байқоңыр қаласының арасын жалғап жатыр. Сондықтан дәл осы аралықта көлік ағымы көп. Жырым-жырым жол темір тұлпар тізгіндегендерді титықтатып тұр.
Құлмұрат Сержан, Төретам кентінің тұрғыны:
– Күнде жүреміз, жолдың сапасын көріп тұрсыздар ғой, жасау керек. 5-6 жыл болды ғой. Жол жасап берсе, жақсы болар еді.
Байқоңыр қаласының қазынасынан бөлінген қаржы былтыр 3 көшені жөндеуге ғана жеткен. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі өзекті мәселені бірлесіп шешуді қолға алмақ.
Бақытбек Бекпанов, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы:
– Ендігі мақсат – Төретам кенті мен Байқоңыр қаласын жалғап жатқан жолды жақсарту. Ол жол қазір Ресей теңгерімінде, көптен бері күтім көрмегеннен кейін сын көтермей тұр. Сондықтан да облыс әкімдігі Байқоңыр қаласы әкімшілігімен сол жолдарды жалдан шығару мәселесін пысықтап жатыр. Жолдар күрделі жөндеуден өтсе, жүк тасымалына да, жолаушы тасымалына да жағдай туып, сапасы жақсарады.
Жұлдызды қалашықта электр қуатымен мен газдың да бағасы шарықтап тұр. Жылу ақысын арзандату үшін өткен жылы қаладағы 6 тұрғын үй, 6 мектеп және 1 балабақша қазақстандық табиғи газға қосылғаны белгілі. Бұл – жүйелі жоспардың басы ғана.
Константин Бусыгин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы:
Қалада газға қосылуы тиіс 349 нысан бар. Біз бұл жұмыстарды 2019 жылы толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оған тиісті қаражат бөлінді. Сонымен қатар биыл қаланы абаттандыру мақсатында тұрғындарға арналған демалыс аймағы пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ жұлдызды қалашықтағы облыстық медициналық орталықтың филиалы жанынан бірер ай бұрын ашылған емхана Қазақстан азаматтарына тегін медициналық қызмет көрсете бастады.
Ал биыл Байқоңырда соңғы 30 жыл бедерінде алғаш рет тұрғын үй құрылысы жүреді. Мамандар 50 пәтерлі 5 көпқабатты үйді жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Үкіметаралық бірлескен даму бағдарламасы аясында қаланың кәріз, су жүйелерін де жаңғырту жоспарға енген.
Айта кетейік, былтыр Байқоңыр аумағында пайдаланылмай жатқан 11 мың 600 гектар жер телімі жалдан шығарылғаны белгілі. Биыл Төретам кентінің аумағын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік нысандар салу үшін тағы 3 мың гектардан аса жер қайтарылмақ.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов
24kz

17 сәуір 2018 ж. 1 296 1

JeaCold от 20 ақпан 2019 22:41
Cialis Sin Receta Amoxicillin And Dosage Se Puede Tomar Viagra Todos Los Dias cialis 40 mg Cialis 10 Mg Durata Levitra 40mga For Sale Mexico Beach

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031